Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл мектебі мен банкке «бомба қойған» екі ақмолалық ұсталды - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл мектебі мен банкке «бомба қойған» екі ақмолалық ұсталды

– Ақмола облысында ауыл мектебіне «бомба» қойған 25 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 15 ақпанда сағат 01:10 шамасында болған.

Бұл туралы Шортанды аудандық ПБ кезекші бөліміне белгісіз адам хабарласып, жергілікті орта мектепке жарылғыш зат қойылғанын айтқан.

«Айтылған мекенжайға полиция қызметкерлері және басқа да шұғыл қызметтер бағытталды. Жарылғыш заттармен жұмыс істейтін мамандар ғимаратты толық сүзіп шығып, күдікті затты таппады. Алайда, сол күні жалған мәлімет берген адам анықталды, ол 25 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қыздың есепте тұрғаны және психикалық аурумен ауыратыны белгілі болды, бірақ жарылғыш құрылғы туралы әдейі хабарлаған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша тіркелді (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама)», – деді ведомстводан.

Сонымен бірге, осындай жалған ақпарат беру дерегі 13 ақпанда Астана қаласында тіркелді.

Бұл ретте Ақкөл ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ол елордадағы банк филиалдарының біріне электронды пошта арқылы «бомба қойылғаны» туралы хабарлама жіберген.

«Қазіргі уақытта полицейлер ер адамды осындай хабарлама жіберуге не итермелегенін мұқият тексеріп жатыр. Күдікті осы банктің клиенті екені анықталды», – деп толықтырды ведомстводан.

Осы ретте тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 273-бабының санкциясына сәйкес жалған хабарламаның авторлары бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілетінін еске салады.

Айта кетсек, бұған дейін Көкшетауда жанармай құю бекетінде жарылыс болып, оператор қаза тапқан еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар