“Мемсараптама” РМК өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллалары түсіндірілді

Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің «Мемсараптама» РМК» Солтүстік өңірі бойынша филиалының өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында Департаменттің қызметкері Әсемгүл Галеева сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманың маңызды нормалары туралы хабардар етті.
Атап айтқанда, спикер сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастылығы қағидатын қамтамасыз ету үшін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың әлеуетті субъектілерінің шеңбері заңнамалық деңгейде кеңейтілгенін атап өтті. Мұндай субъектілерге сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға уәкілетті не мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға жауапты адамдар жатады.

Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылары бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапты. Ал сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаларға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуға өмір бойы тыйым салынады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың алдағы 5 жылға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын белгілеуге және компания қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруға қатысты бірқатар бастамаларды енгізу көзделген.

Бүгінгі таңда квазимемлекеттік сектор субъектілерінің комплаенс-қызметтерінің жұмысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіруші рөлі күшейтілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институты квазимемлекеттік компаниялар мен жеке секторда корпоративтік парасаттылық стандарттарының сақталуын қамтамасыз етуге жауапты.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 3 қаңтарынан бастап жаңа заңнамалық өзгерістер енгізілді, оған сәйкес негізсіз байыту үшін мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі көзделген. Бұл норма лауазымды тұлғалардың кірістері мен шығыстарын бақылауға мүмкіндік береді. Енді бұл адамдарды мемлекеттік органның немесе ұйымның тәртіптік комиссиясының ұсынымынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартуға, қызметтен босатуға немесе басқа лауазымға ауыстыруға болмайды.

Сондай-ақ спикер сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі туралы айтып, қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауға шақырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар