Ата-ананың мектептегі алатын орны

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата – ананың орны бөлек. Мектеп, ата – ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу – негізгі мақсат. Сондықтан мақаламызда сынып жетекшінің атқаратын міндеті, ата – ананың атқаратын міндеті және олардың бірлесіп жасалатын жұмысы мен күтілетін нәтижесіне тоқталып отырмыз.

Сынып жетекшінің міндеті:

1. Ата – аналармен тығыз байланыста болу;
2. Оқушыларды, ата – аналарды сыныптық және қоғамдық ұжымдардың іс – шараларына тарту;
3. Әр оқушының жеке басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан – жақты бақылап, зерттеу, олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту;
4. Тақырыптық ата – аналар жиналысын өткізу;
5. Ата – аналар комитетімен кездесу;
6. Оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайын қорғауға көмек көрсету;
7. Өз сыныбында сабаққа қатысып отыру және пән мұғалімдерімен жұмыс.
8. Сыныпта болған төтенше жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау.

Ата – ананың міндеті:

1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
2. Сабақтан келген баланың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
3. Мектепішілік ата – аналар жиналысына қатысу;
4. Сыныптың ата – аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;
5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркіңізбен оқу – тәрбие іс – шараларына қаржылық көмек көрсету;
6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу.

Ата – аналармен жүргізілетін жұмыс

Ата – аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата – аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата – аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін.

Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез – келген жұмыстарға мектепішілік іс – шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін – сынып оқушыларының ата – аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата – аналар төрайымымен және сынып ата – аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата – аналармен шешімін табуға тиісті.

Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата – аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата – аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыңыздың ата – анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.

Холганат Данекер,
Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Ақмола облысы. Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар