Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы ақпанның 20-да болды. Новокубанка ауылының 46 жастағы тұрғыны басқарған Jiefang автокөлігі «Бурабай-Астана» бағытындағы жүк пойызымен соқтығысқан.
Салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен минивэннің екі жолаушысы көз жұмды. Екеуі де Астана қаласының (1975 жылғы әйел және 1985 жылғы ер адам) тұрғындары. Тағы үш жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.
Белгілі болғандай, автокөлік жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын белгісін ескермей, шлагбаумды айналып өткен.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.