Депутаттыққа үміткерлер неге арнайы шотты бір ғана банктен ашып жатыр

– Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина кандидаттардың бәрі неге арнайы шотты бір ғана банктен ашып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл – базбіреудің шешімі емес. Бұл – Орталық сайлау комиссиясының қаулымен рәсімдеген шешімі. Ол шешім қабылданған кезде «Халық банк» бүкіл ел аумағында филиалдар желісі бар банк болатын және кез келген науқанның сайлаушылары мен сайлау процесіне қатысушыларының көбіне қолжетімді болды», – деді Сәбила Мұстафина.

Еске салсақ, кеше Мәжіліс пен мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі басталды.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы партиялардың атаулары сайлау бюлетенінде қандай тәртіппен орналасатынын жеребе арқылы анықтаған болатын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар