Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі назарда ұсталуда

Ақмола облысының білім басқармасы мен полиция департаменті білім беру бөлімдері және ұйымдарымен бірлесіп, оқушылар үшін қауіпсіз және қолайлы  оқу ортасын құру және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Аталмыш бағыттағы іс-шаралар жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов пен облыстық полиция департаменті ювеналдық полициясының ерекше тапсырмалары бойынша полиция капитаны Антонина Высочина айтып өтті.

Өңірде 832 білім беру нысаны жұмыс істейді. 2020 жылы облыста білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жүз пайыз  жарақтандыру жұмыстары аяқталған болатын. Қазіргі уақытта білім беру объектілеріндегі бейнебақылау камераларының санын жаңарту және көбейту жұмыстары жүргізілуде.

−Бүгінгі таңда барлық 832 білім беру нысандары бейнебақылау камераларымен толық жабдықталды. Мамандандырылған күзет 227 білім беру объектісінде жұмыс істейді, ал, 431 нысанның қауіпсіздігін дабыл түймесі жүзеге асырады.  Сондай-ақ, 272 мекемеде турникеттер орнатылды. Балаларды «әлем танымы», «дене шынықтыру» және «алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері шеңберінде қауіпсіздік шараларына оқыту ұйымдастырылды. Облыс мектептерінде төтенше жағдайлар туындаған кезде 1-11 сынып оқушыларына арналған нұсқаулықтар да әзірленіп, мұғалімдер мен ата-аналар төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмімен танысып өтті, −деді Валерий Гамазов.

Білім беру ұйымдарында орта білімді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушілердің оқу үлгерімін, шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын қалыптастыру, психологиялық жай-күйін тұрақтандыру, бейінді өзін-өзі анықтау және оқу қызметінің басқа да қолайлы жағдайларын қалыптастыру бойынша психологиялық қызмет жұмыс істейді. Қазіргі уақытта, білім басқармасы тарапынан ата-аналар мен балалар арасында  жауапкершілікті күшейту, өрт қауіпсіздігін арттыру, су айдындарындағы қауіпсіздік, құлау салдарынан жарақаттанудың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, 23 қаңтарда полиция департаменті  zoom-режимінде облыстың білім басқармасымен, аумақтық білім және полиция бөлімдерінің басшыларымен, облыс колледждері мен мектептерінің директорларымен бірлесіп, «білім беру ұйымдарының оқушылары арасында бұзақылық әрекеттер мен топтық төбелес фактілерін қарау» мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

−Оқушылар арасындағы жанжалды жағдайларды болдырмау және осы мәселенің әрбір ата-ананың назарына жеткізу басты міндеттердің бірі болып табылады. Осыған ұқсас кеңестер білім беру ұйымдарымен, аумақтық полиция бөлімдерімен келісім бойынша облыстың барлық оқу орындарының ата-аналар жұртшылығымен өткізілген болатын. Қаңтардың ішінде аумақтық полиция бөлімдері бастықтарының бірінші орынбасарлары және жергілікті полиция қызметінің бастықтары алдын алу мәселелері бойынша білім бөлімдерінің басшыларымен, мектептер мен колледждердің директорларымен кездесулер ұйымдастырды, − деді Антонина Высочина.

Өңірде 9 мыңға жуық ата-ананың қатысуымен zoom-режимінде  облыс бойынша оқушылардың тыйым салынған заттарды алып жүруіне және пайдалануына жол бермеу туралы ақпарат жеткізілді. Сонымен қатар, бұл профилактикалық жұмыс  күн сайын барлық білім беру ұйымдарының 12 566 топтық ата-аналар чаттарында «Whatssap» әлеуметтік желісі арқылы өткізіледі. Онда  профилактикалық бейнебаян көрсетіліп, ақпараттық кітапшалар таратылды. Аталған бағыттардағы  жұмыстар жалғасуда.

                                                                                       Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар