Ақмолалық боксшылар жеңіс тұғырынан көрінді

 Мароккода бокстан 20-ға жуық елдің өкілі бақ сынаған халықаралық турнир мәреге жетіп, біздің жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді. Венгриядағы жарыста да ақмолалық боксшылардың бағы жанды.

57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы қызымыз Карина Ибрагимова алтын медалді жеңіп алды. Каринаның жеке бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Высоцкийдің айтуынша, әйелдер құрамасы еліміздің қоржынына барлығы он медаль салған.

Сондай-ақ, Венгрияда бокстан «Иштван Боксай» халықаралық турнирі аяқталды. Бұл жарыста 48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған жерлесіміз Теміртас Жүсіпов алтын медаль иеленді. Ал, 81 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Валерия Аксенова күміс медальді еншілеп қайтты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар