Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Діни кітаптарды заңсыз сатқан ақмолалық 120 мың теңге айыппұл арқалады - АРҚА АЖАРЫ

Діни кітаптарды заңсыз сатқан ақмолалық 120 мың теңге айыппұл арқалады

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Щучье қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті сауда үйлерінің біріндегі дүңгіршекте «Қасиетті Құран» кітабын рұқсатсыз сату дерегін анықтады.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы бойынша материал жиналып, сотқа жолданды. Бурабай аудандық сотының шешімімен 54 жастағы әйел әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 120 750 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды», — деді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, қолданыстағы заңнамаға сәйкес діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы материалдар мен діни мақсаттағы заттарды тек белгіленген орындарда ғана таратуға жол беріледі. Бұл діни ғимараттардың аумақтары, діни-рухани оқу орындарында — медреселерде, семинарларда және басқаларында, сондай-ақ әкімдік бекіткен арнайы стационарлық үй-жайларда.
Щучинск қаласының аумағында осындай 2 үй-жай бар. Өзге орындарда діни әдебиеттерді жергілікті атқарушы орғандардың рұқсатынсыз сатуға болмайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар