Оқушының білім шырағы

Қазіргі білім беру саласына қатысты заман талабы да өзгеріп келеді. Мәселен, оқушылардың білімімен қатар, іскерлік дағдыларды игеруі, ой-өрісін кеңейтуі, қабілеттерін дамытуы, үздіксіз ізденуі  осы талапқа саяды. Бір сөзбен айтқанда, оқушыны болашақ өмірдің сын-қатерлеріне төзімді һәм білікті болуға тәрбиелеу. Ол үшін жүйелі білім беру, жан-жақты ізденіс процесін жетілдіру, даралап оқыту сияқты қағидалар қажет.

Ең бірінші – шығармашылық қабілеті. Әуелі «шығармашылық дегеніміз не?» деген сұраққа тоқталсақ, адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі – шығармашылықтың ең биігі. Мамандардың айтуынша, оқушы құлшынысын ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастырып, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана оқушылардың ізденімпаздық қабілеттері арта түседі.

Ол үшін мұғалім қандай болуы керек? Мұғалім мен оқушы арасындағы оқыту үрдісінің іс-әрекеттері арқылы баланың қабілеті дами түспекші. Екінші, мұғалімнің өткізетін сабақтары оқушылардың шығармашылыққа ұмтылуын тудыратындай болуы тиіс. Үшінші, сабақта тапсырмалардың жауабын табуда, орындауда, қойылған сұрақтарға жауап беруде «Ой таласын» жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру керек. Оқытудың осындай жаңа технология түрлерін қолданған жағдайда ғана сабақ тартымды өтеді. Осы сауалдарды жинақтай отырып, мұғалімнің өзі теориялық, тәжірибелік  білімін жетілдіріп отыруы керек екенін түсіндік.

Биылғы оқу жылында өз құзыреттілігімді арттыру мақсатында «Өрлеу» «БАҰО  АҚ» филиалы Ақмола облысы бойынша КДИ-да  2 апталық «Бастауыш сынып 1-4 мұғалімдерінің «Математика», «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту курсында өз білім тәжірибемді арттырып қайттым.

Курс тыңдаушысы ретінде айтар болсам, оқытушы Аяжан Ешімбайқызының теориялық, тәжірибелік сабақтары өзімнің кәсіби қызметімді жаңартуға көп бағыт-бағдар бола алды. Курстан алған тәжірибе, біліктілігімізді шыңдай отырып, шәкірттеріммен оқу процесін жаңаша үйретуге, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізеді.

Ол оқушының жеке дара ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаны қалыптастыру жолында білім берудің инновациялық-педагогикалық технологияларымен жүйелі жұмыс жасау арқылы табыстарға қол жеткіздік. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың жүрегінен орын алады.

Қазіргі сандық технологияға байланысты әрбір сабаққа әртүрлі қосымшалармен, мәселен, Google  формасында тест тапсырмаларын әзірлеу, wordwall сілтемелері, kahoot  оқыту платформасында жұмыс істеу –  оқушылар үшін үлкен табысқа жетуге мүмкіндік ашқаны сөзсіз.

Қорыта келе мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді, өйткені, жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау – мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың маңызды түрі. Әрбір мұғалім орта немесе жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қана қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алатыны сөзсіз. Кез-келген мұғалімнің биік мақсаты – оқушының шырағын жағу!

Марзия ХАЛЕЛ,
 Атбасар №7 жалпы орта білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар