Жаңа тұрақты жұмыс орындары: қазір халыққа бір керегі осы!

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту шаралары жөнінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина және аграрлық несие корпорациясы Ақмола филиалының директоры Арман Салықов айтып берді.

Бүгінгі таңда жұмыспен қамту мәселелері күн сайын өзекті мәселе  болып барады. Ағымдағы жылы облыста  өңірлік жұмыспен қамту картасы бекітілді.  Алдағы уақытта бұл карта шеңберінде 31 000 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

–Бұл жоспарға жаңа өндіріс, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту, сондай-ақ, өндірістегі бос жұмыс орындары енгізілген. Он ұлттық жоба аясында аймақтық  жұмыспен қамту картасында жұмыс орындары  пайда болды. Аталмыш іс-шаралар аясында 5 767 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Аталмыш жоба аясында өндірістерде жұмыс орындарын құру қажет.  Осы бағытты іске асыру үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды үйлестіру  басқармасының мамандары жұмыс берушілердің, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ, әкімдіктер, аудандар, қалалар бағдарламалары әкімшілерінің және  мамандардың қатысуымен алты ауданға сапарлар өткізді.  Барлық жұмыс орындары егер әр қызметкерде электрондық еңбек шарты, сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары мен электрондық еңбек биржасында тіркеу болған жағдайда ғана есептеледі,−деді  Шолпан Рахматуллина.

Жұмыспен қамтудың барлық шаралары электрондық еңбек биржасы арқылы өтуде. Облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз, ал, жастардың  жұмыссыздық деңгейі  2,5 пайызды  құрады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдан бастап «Күміс жас», яғни, 50 жастан асқан адамдарға жұмыс беру жобасының тәсілдері өзгертілді. Шолпан Рахматуллинаның айтуынша жобаның басты мақсаты зейнеткерлікке дейінгі жастағы адамдарға жұмыс беру болып табылады.

− Жобаның ұзақтығы 36 айдан аспайды. Төлем мөлшері бірінші жыл жалақы мөлшерінен 70, екінші жыл 65 және үшінші жыл 60 пайызды құрайды,− деді ол.

Сондай-ақ, алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, 35 жасқа дейінгі жастар қатарындағы жұмыссыз адамдарға бірінші жұмыс орнының ұзақтығы 12 айдан 18 айға дейін ұлғайтылды. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 170 азаматты қамтитын мемлекеттік гранттар беру бойынша жұмыс жалғасуда.

− Мүгедектігі бар адамдар, асыраушысынан айырылғандар, көп балалы отбасылар, мүгедек балаға күтім жасайтындар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, оралмандар және қоныс аударушылар үшін мемлекеттік гранттар беріледі. Жастар кәсіпкерлік бастамаларын дамыту мақсатында ағымдағы жылы жастар үшін 2,5 пайыз жеңілдікпен 171 кредит беру жоспарлануда. Биыл қысқа мерзімді кәсіптік оқыту шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 544 адамды  даярлау жоспарланып отыр. Бұл іс-шараларды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 153 миллион теңге бөлінді, −деді Арман Салықов.

Ағымдағы жылы Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі мен Зеренді ауданындағы Шағалалы ауылының жоғары агротехникалық колледжіне тиесілі 2-ші мобильді жылжымалы оқу орталықтары арқылы шалғай елді мекендерде тұратын 166 жұмыссыз азаматты оқыту жоспарлануда.  Жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі басым болып келеді.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар