Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жауапты қоғамдық-саяси науқанға  – жоғары жауапкершілік - АРҚА АЖАРЫ

Жауапты қоғамдық-саяси науқанға  – жоғары жауапкершілік

Облыс орталығында өткізілген көшпелі семинар-кеңес барысында 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу ерекшеліктері жан-жақты талқыланды.

Семинар-кеңестің жұмысына ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабиля Мустафина және Орталық сайлау комиссиясының бірнеше мүшелері қатысты.

Константин Петров бұл жолғы сайлау аралас жүйе бойынша өтетіндігін еске салды. Саяси партияларда кандидаттар да өкілетті органдардағы орын үшін бәсекелеседі. Ең басты ерекшелік, өңірлерде әрбір дауыс беруші 5 бюллетень алады. Учаскелік сайлау комиссиясының қызметкерлері әрбір сайлаушыға әсіресе, егде жастағы адамдарға қалай дауыс беруге болатындығын тәптіштеп түсіндірулері керек.

Спикердің айтуынша, науқан барынша ашық өткізіледі. Сайлау қорларын қалыптастыру және ол туралы ақпарат қолжетімді. Қазіргі науқанға бақылаушы ретінде аккредиттелген ұйымдардың өкілдеріне рұқсат етілетіндігі жөнінде норма енгізілді.

Осы шақырылымнан бастап сайлаушылар депутатты кері қайтарып алу мүмкіндігіне ие болады. Яғни, халық сайлаған депутат сайлау алды бағдарламасында берген уәдесін орындамаса оны халық кері шақырып алуы мүмкін. Сайлаушылардың өздері депутатты кері шақырып алу бойынша үш сатылы рәсімге бастамашы бола алады. Процедура оңай емес. Әйтсе де түсінікті. Өйткені, халық қалаулысы жауапкершілік жүгін дұрыс атқаруы керек. Бұл ретте, депутат жұмысының бірінші және соңғы жылында кері қайтарып алу көзделмеген.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасы орынбасарының айтуынша сайлау комиссияларының кәсіби деңгейі жоғары. Спикер 29 сайлау мандатына мажоритарлық негізде 435 кандидат тіркелгендігін атап өтті. Демек бір орынға 15 адамнан келеді.

Семинардың алғашқы бөлімінде қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берілсе, екінші бөлімде қатысушылар сайлау науқанына қатысты барлық сұрақтарды егжей-тегжейлі өздері түсіну үшін іскерлік ойын ұйымдастырды.

Байқал БАЙӘДІЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар