5 қараша –  бес ауданда аудан әкімін сайлау өтетін күн

Өңірлік коммуникациялар қызметінде, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жандәулет Қылышбаевтың және «Ақмола облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Ирина Терентьеваның қатысуымен «Ақмола облысының ХІ Азаматтық форумын өткізу туралы» брифинг болып өтті.

– Алдағы болатын «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты республикалық XI Азаматтық форумы жұртшылықты толғандыратын өзекті сұрақтарға нақты жауаптар беруге, еліміздің негізгі диалог алаңында қабылданған шешімдерді іске асыру жөнінде абстрактілі емес, нақты және оң шараларды әзірлеуге тиіс, – деді Жандәулет Төлепбергенұлы. Ағымдағы жылдың 3 қазанында Көкшетау қаласында «Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін аймақтық ресурстарды біріктіру» тақырыбында өңірлік XI Азаматтық форумын өткізу жоспарлануда. Бұл өңірлік Форум республикалық Азаматтық форумның бір кезеңі болып есептеледі. Осы орайда, өңірлік форумды ұйымдастыру барысы жайында Ирина Тереньтеватолығырақ баяндап берді.

Осы жылдың 13 қыркүйегінде Ақмола облыстық мәслихатының сессиясы өтіп, онда Ақкөл, Астрахан, Есіл, Жақсы және Шортанды аудандарында 5 қарашада әкімдер сайлауы белгіленген.Сайлау науқанының бүкіл кезеңі 50 күнді құрайды.Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінен бастап,облыстық сайлау комиссиясы мен аталған аудандардағы аумақтық сайлау комиссиялары күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, олардан телефон арқылы да, ауызша да қажетті кеңестер мен түсініктемелер алуға болады.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес қазіргі уақытта кандидаттарды ұсыну кезеңі жүріп жатыр, ол 5 қазан, сағат 18.00-ге дейін 20 күнге созылады.Кандидаттарды ұсыну құқығы мыналарға тиесілі:белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партиялар өз мүшелерiнен ұсынады. Бұл ретте, олар бір сайлау округі бойынша бір ғана кандидат ұсынуға құқылы,тиісті сайлау округі бойынша дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызының қолдауымен азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен сайлауға түсе алады. Жоғары тұрған әкім ұсынылған кандидаттар болмаған немесе ұсыну мерзімі аяқталған күні бір кандидат ұсынылған жағдайда, тиісінше екі немесе бір кандидатты ұсынуға құқылы.Бұл ретте, АСК кандидаттарды ұсыну мерзімін үш күннен аспайтын мерзімге ұзартады.Үміткерлер АСК-ға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыруы тиіс. Әрі бұл құжаттар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына (аудандық саяси мемлекеттік лауазымдарға орналасуға қойылатын талаптар) сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығына сай келуі керек.

Әзірге өзін-өзі ұсыну бойынша Есіл ауданынан бір кандидат ұсынылған. Ол – Марат Әуезұлы Бұқаев, «Жаныспай ЗР» ЖШС заңгері.Кандидаттарды тіркеу, қажетті құжаттар қабылданғаннан кейін басталады. Және де сайлау күніне 25 күн қалғанда ағымдағы жылдың 10 қазанында сағат 18.00-де аяқталады. Сайлау науқанына облыстық, 5 аумақтық сайлау комиссиясы, 159 учаскелік сайлау комиссиясы, 887 комиссия мүшелері қатысады.Сайлау науқанының өту кезеңдері бойынша облыстық сайлау комиссиясы облыс тұрғындарын хабардар етіп отырады.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар