Көкшетауда Уильям Шекспирдің «Отелло» трагедиясының премьерасы өтті

Көкшетау жұртшылығының назарына алғаш рет Уильям Шекспирдің әйгілі «Отелло» трагедиясы ұсынылды.

Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында қойылған премьераның қоюшы-режиссері Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Қуандық Қасымов.

Әлемдік классик, ұлы драматург Уильям Шекспирдің шығармалары қанша ғасыр өтсе де өз өзектілігін жойған емес. Бұл қойылым ержүрек Отеллоның айналасында жүріп пенделіктің пердесіне тұмшаланып, пұшайман күй кешкен тағдырлар шиеленісін көрсетеді.

Іс-шараның мақсаты – театр өнерін дәріптеу, көрерменге рухани нәр беру. Аты аңызға айналған ұлы шығармаларды жаңа қырынан таныту. Адамзатқа ортақ құндылықтардың бағасын арттыру болып табылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар