Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адам құқын сақтау – басты мәселе - АРҚА АЖАРЫ

Адам құқын сақтау – басты мәселе

Жуырда Ақмола облысының прокуратурасында Ақмола облыстық соты мен аудандық, қалалық соттар төрағаларының, мамандандырылған соттардың, сондай-ақ, облыстың құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Онда сот-тергеу практикасының проблемаларына, сонымен бірге, қылмыстық қудалау әрекеттеріне тартылған адамдардың конституциялық құқықтарын сақтауға байланысты мәселелер айтылды. Қатысушылар қылмыстық істерді тергеу кезінде жиі кездесетін қателіктерді талқылап, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын бұзуға жол бермеу жөнінде нақты ұсыныстар енгізді.

2022 жылы криминогендік жағдай қылмысты тіркеудің 21,2 пайызға (6 744-тен 5 317-ге дейін) төмендеуімен сипатталатыны атап өтілді. Ауырлықтың барлық санаттары бойынша төмендеу байқалады. Осы орайда, ұсталған азаматтардың саны 24 пайызға (690-дан 525-ке дейін) азайды.

Облыс прокуроры А.С.Майлыбаев сот-тергеу практикасын жетілдіру бойынша сындарлы ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.​ Судьялар корпусы жүйелі негізде осындай кездесулер өткізуге және қылмыстық қудалау органдарының тергеу бөлімшелерінің жаңадан бастаған қызметкерлері үшін семинар-сабақтар өткізуге дайын екендігін білдірді.

Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар