Алғыстың бір шоғыры полиция қызметкерлеріне арналды

 Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев  Алғыс айту күніне орай, «Достар» мәдениет сарайында өткен салтанатты жиында облыстық полиция департаменті құрамы алдында құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар қызметкерлерге Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Салтанатты шараға Ақмола облысының полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Думан Таев, сала қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

– Бүгін достық пен бірліктің, ынтымақ пен өзара сыйластықтың мерекесі. Өңіріміздегі қоғамдық тәртіппен  азаматтарымыздың қауіпсіздігі сіздердің адал қызметтеріңіздің нәтижесі. Сіздердің жұмыстарыңыздың сапасы еліміздің дамыту ісіне қосқан үлес болып есептеледі. Осы мерекеде сіздермен жүздесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Бүгін бәріміз бір-бірімізге жылы сөздер айтып, алғыспен ризашылық білдіретін күн. Осы сәтті пайдаланып,  пандемия, қаңтар және басқа да оқиғалар барысындағы еселі еңбектеріңізді атап өткім келеді. Жедел іс-қимылдың арқасында аймақта тұрақтылық орнап, тұрғындармен олардың мүлкі, бизнесобъектілері мен мемлекеттік мекемелер зардап шеккен жоқ. Ел тыныштығын күзету, халықтың конституциялық құқықтарын қорғау, біздің қауіпсіздігіміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі деп білеміз. Алдағы уақытта да, сіздер, облыста қоғамдық тәртіпті сақтауда жауапты да маңызды міндетті абыроймен  атқарасыздар деген сенімдемін, – деді облыс әкімі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен жанқиярлығын әрдайым жоғары бағалайды.

Бүгінде ақмолалық полицейлер көптеген жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Полиция кәсіби кадрлармен жасақталып, заманауи жабдықтармен толықтырылып, материалдық-техникалық базасы жағынан нығайған. Жергілікті атқарушы органдармен құқық қорғау органдарының тығыз қатынасы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға зор көмегін тигізуде. Осының нәтижесінде  соңғы жылдары өңірімізде қылмыс жасау фактісі екі есеге азайған. Қоғамдық орындарда тәртіп бұзушылық 56 пайызға кеміген. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны  үштен бірге кеміген.  Жол-көлік оқиғалары даазайып отыр.

Ақмола облыстық әкімдігінің қолдауымен соңғы үш жылда күштік құрылымға облыстық бюджеттен  5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл қаражатқа қажетті заманауи жабдықтар, бейнебақылау камералары сатып алынды, автобус паркі 129 жаңа мамандандырылған автокөлікпен толықтырылып, тағы басқа қажетті жабдықтарға қол жеткізілді. Ағымдағы жылы департаменттің материалдық-техникалық базасын заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 10 миллиард теңге қаражат бөлініп отыр.

Салтанатты шара барысында Ақмола облысының әкімі бірқатар сала басшыларына Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Олардың қатарында полиция полковнигі, тергеу басқармасының бастығы Талғат Жұманов, әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ержан Қошқарбаев, полиция майоры, кадр саясаты басқармасының аға инспекторы Сағындық Дүйсенов, полиция капитаны, БПҚ ДП қызметінің инспекторы Аслан Джаканов, полиция капитаны, криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Жаныбек Елеусізов  және тағы басқалары бар.  Жиын соңында департамент басшысы, полиция генерал-майоры Думан Таев өңір басшысы Ермек Маржықпаевқа алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Салтанатты шара соңы ұйымдастырушылар алқасының дайындаған әдемі концерттік бағдарламасымен түйінделді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар