Газ – бұл қауіпті!

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу тұрмыстық газ құралдарын қолданғанда жиі кездеседі. Бұл өрттердің негізгі себебі – құбырлардың герметикасы бұзылғаннан, жалғанатын тораптардан немесе газ плиталары жанғыштарынан газдың ауаға таралуынан болады.

Табиғи және сығылған газ баллоны ауамен қосылып, қауіпті жарылғыш қоспаны құрайды. Сондықтан да, үй жайларда газдың иісін сезгенде сіріңке жағуға, от шақпағын, электр сөндіргіштерін қосып ажыратуға, үй жайға темекі немесе ашық отпен кіруге болмайды. Бұның барлығы газдың жарылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Өрттердің басым бөлігі әдетте, қызу салдарынан газ баллондарының жарылу себептерінен болады. Баллондарды көбінесе қыс мезгілінде өз бетімен ерігенін тоспай, редуктор ілмек клапанының қатып қалуын болдырмау мақсатында оларды жылыту құралдарының қасына немесе ыстық суға салады. Ал, бұл түбегейлі дұрыс емес.

Газбен жабдықталған пәтерлерде газ плиталары орналасқан үй жайды күнде таңертең желдету ұсынылады. Газдың шығуын байқау үшін отты қолдану үзілді-кесілді тыйым салынады, ондай жағдайларда тек қана сабынды су қолдануға болады.

Егер де газ газ құралдарында ашық краннан шыққан болса, оны жауып тастап, үй жайды мұқият желдету керек және содан кейін ғана отты жағуға болады. Газ құралдарын қосуға және пайдалануға осы құралдардың құрылымымен таныс емес адамдарға және балаларға рұқсат етілмейді. Егер де газдың иісін сезсеңіз, газ құралдарын пайдалануды тоқтатып, оны өшіру керек.

Оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында сынаған  тыйым салынады:

– Плитаның бөліп тұратын қалқанындағы барлық крандар жабық екеніне көз жеткізбестен плитаның жанында газ құбыры кранын ашу;

– Қолыңда жағылған сіріңке мен плитаның крандарын ашу;

– Жанып тұрған жанарғыға сұйықтық құюға болмайды. Егер де бұл аяқ астынан болып қалса, жанарғыны өшіріп, тазалап, табақшадан сұйықтықты алып тастау керек.

– Кемпіректі шешіп және ыдысты тікелей жанарғыға қоюға.

Қатты заттармен жанарғыны, кранды соғуға, сонымен қатар, қысқыштар, тістеуіштер, кілттермен және тағы басқа кранның тұтқаларын бұрауға;

– Плитаны немесе газ өтетін тұрба құбырларын өз бетімен жөндеуге;

– Газ плиталарына, тұрбаларға және крандарға арқан байлауға, оларға киім ілуге тиым салынады.

Ең басты ереже – ешқашан газ баллондарынан газдың ауаға таралуын ашық отпен, сіріңке, от шақпақпен тексермеңіз!

Жандаулет ТӨЛЕУТАЙ,
Көкшетау қаласының ТЖБ аға инженері,
азаматтық қорғау аға лейтенанты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар