Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елдің алғысын алғандардың абыройлары асқақ - АРҚА АЖАРЫ

Елдің алғысын алғандардың абыройлары асқақ

 «Болашақ» сарайында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен және құттықтау сөз сөйлеуімен облыстық «Алғыс айту – парызым» атты форум болып өтті. Оның жұмысына өңіріміздің зиялы қауым өкілдерімен бірге, этнобірлестіктердің жетекшілері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және белсенді жастар қауымы қатысты.

–Баршаңызды бүгінгі достық пен бірліктің, жомарттықтың мерекесі Алғыс айту күнімен құттықтаймын.  2016 жылдан бері аталып келе жатқан бұл мереке бүгінде қоғамның барлық топтары қолдайтын шынайы халықтық мереке айналып отыр. Алғыс айту күні ең алдымен еліміздегі барлық азаматтардың Отанға деген сүйіспеншілігін бейнелейді. Бүгін  мемлекетіміздің өркендеуіне өздерінің қажырлы еңбегімен үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарына ерекше құрмет пен ризашылық білдіру күні. Осы сәтті пайдалана отырып, түрлі жағдайлар мен оқиғалар кезінде белсенділік пен азаматтық ұстанымын танытқан барша ақмолалықтарға алғысымды білдіремін, – дей келіп, өңір басшысы бірқатар еңбек адамдарына Алғыс хатпен естелік сыйлықтар табыс етті.

Ермек Боранбайұлы өз сөзінде биылғы жыл ақмолалықтар үшін елеулі оқиғамен басталғандығын баса айтып, Мемлекет басшысының Ақмола облысына жұмыс сапары барысында өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң баға бергендігін және бірқатар нақты міндеттер жүктегенін атап өтті.

– Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста емдік шараларды қажет ететін балалар үшін  төрт мыңнан астам қайырымдылық шаралары мен акциялары өткізілген болатын. Жиырма мың адамды қамти отырып,  көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 600 миллион теңгеден астам сомаға материалдық көмек көресетілді. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына біздің жеке кәсіпкерлеріміз бен меценаттарымыз зор үлесін қосып келеді. Олардың инвестициялық  демеушілігінің арқасындаоблыста жалпы сомасы 2 миллиард теңгеден асатын бір жарым мыңнан астам әлеуметтік бастамалар іске асырылды, – деді одан әрі облыс әкімі.

Өңір басшысы өз сөзінде Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқарушылық жұмыстар қызметінің майталман мамандарына, қоғамдық тәртіпті көз ілмей, қырағылықпен сақтап келе жатқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне,  облысымыздың еріктіжастарына алғысын білдірді.

Форум барысында  Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, «Мейірімді жүрек» қоғамдық қорының төрайымы   Ирина Катухова, облыстық қан тапсыру орталығының директоры Ермек Мұхамедиев,  еңбек ардагері Жастілек Рамазанов,  Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 10 сынып оқушысы, бірқатар республикалық  және облыстық байқаулардың жүлдегеріАлуа Дулатова сөз сөйледі.

–Мен өз кезегімде осы мереке қарсаңында күн сайын отандастарымыздың өмірін сақтап қалатын донорларымызға алғыс айтқым келеді. Облыстық қан орталығына Ақмола облысының медициналық ұйымдарын олардың қажеттіліктеріне сәйкес қан компоненттерімен қамтамасыз етуге күн сайын ерікті донорлар келіп көмектеседі. 2023 жылдың екі айында 1107 донор қан тапсырды. Сөйтіп, 490 747 литр қан дайындалды.Донорлық қан баға жетпес көмек деп айтуға болады. Осы орайда, қан тапсырып, көптеген сырқат жандарға көмекқолын созып, бұл игілікті істі дәстүрге айналдырған тұрақты донорларымызға ризашылығымыз ерекше, –  деді Ермек Дәкенұлы.

Форум соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне белсенді қатысқаны үшін Целиноград ауданындағы «Достық» үйінің директоры Магамет Сукалов «Алғыс» медалімен марапатталса,  этносаралдық келісімді дамытуға қосқан үлестері үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатына«Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестіктің төрағасы Марат Қойшин менАршалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасыВладимир Биджиев ие болды. Сонымен қатар, Ақмола облысы әкімнің Алғыс хатымен марапатталғандар қатарында «Манас» этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Закирдин Жоробеков бар. Оның бастамасымен Қостанай облысындағы орман өрттерінен зардап шеккендерге азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын, мектепке қажетті құрал-жабдықтар, ересектер мен балаларға арналған аяқ киім тиелген 2 тоннаға тарта жүк, 2 миллион теңгеге жуық дәрі-дәрмекжөнелтілді.  Ал, «Қызыл жарты ай» қоғамдық бірлестігінің Көкшетау қаласы филиалының директоры Асхат Уаисовтың бастамасымен Түркия мен Сириядағыжер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге қаржылай көмек қоры ашылып, 11 миллион теңгеден астам қаражатжиналыпты.

Ақмола облыстықденсаулық сақтау басқармасы жанындағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімшесінің хирург дәрігері Денис Федоровтың жетекшілігіменөткен жылы Щучинск қаласынан басында жарақаты бар, ауыр хәлде жеткізілген 9 жасар балаға ота жасалып, дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында кішкентай науқастың өміріаман қалды. Марапатқа ие болған Аршалы ауданындағы  №13 психология-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісіСұлушаш Сембиеваның жетекшілігіменаузтизм дерті бар балаларға арнаған сөйлеуді дамыту бағдарламасы әзірленді. Біз жоғарыда марапатқа ие болған санаулы адамдардың еңбегінің бір парасын ғана айтып өттік.

Осындай еселі еңбегімен алғысқа бөленген жандар баршылық. Олардың қатарында Көкшетау қаласының «КөкшеТазалық»серіктестігінің абаттандыру жөніндегі жұмысшысы Сәкен Бектасов, Ақмола облысы полиция департаменті Көкшетау қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы Серікбай Шашкенов,Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасының операциялық медбикесіИрина Голубцова,Целиноград ауданының Приречен ауылдық округінің әкіміМейірхан Әміржанұлы, «Көкшетау Су арнасы» кәсіпорнының апатты қалпына келтіру жұмыстарының слесарьлары Валерий Адирехин менҚайрат Рахымбеков және тағы басқалары бар. Сонымен қатар, облыс әкімі «Вайнах» шешен-ингуш қоғамдық бірлестігінің төрағасы Г.Яндиевті Алғыс күнімен тұспа-тұс келген туған күнімен құттықтап, естелік сыйлық табыс етті.

Форум шұғылалы биімен әсем әні жарасқан концерттік бағдарламаға ұласты.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар