Ақмола облысы мәслихатына кандидат Ахат Нұртас Ахатұлының сайлауалды қысқаша бағдарламасы

Мәртебелі сайлаушылар!

Қазақстанда алғаш рет тәуелсіз сайлау өтпекші. Еліміздің әр саналы азаматы қазақ Елінің бүгіні және болашағы үшін осы сайлауды тиімді пайдалануы керек! Елдің әл-ауқатын көтеруде тек шынайы әрі анық демократиялық басқару процесі арқылы ғана жетуге болатынына сеніміміз болуы керек! Сонда ғана мемлекетіміз берік, халқымыз бақытты болады!

Мәжіліс пен мәслихаттарға адал әрі кәсіби тұлғалар сайланғанда ғана мемлекеттің беделі көтеріледі.

Біз бәріміз ортақ біріккенде ғана мемлекетіміздің беріктігін сақтай аламыз!

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі тұжырымдамалары:

  1. Көкшетау қаласының инфрақұрылымы, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығының заман шақыруларына сай болуы үшін қызмет атқарамын. Көкшетау тек мейрамханалар мен дәмханалардың ғана емес Көкшетау тұрмысы жағынан адам капиталын дамытуға арналған жан-жақты бағытта дамыған қала болуы керек!
  2. Облысымыздың білімі мен мәдениеті, денсаулық саласының жоғары қызмет көрсету дәрежесіне көтерілуіне атсалысамын. Мемлекет қаражатының осы бағытта жұмсалуының ашық негізде болуын талап етемін.
  3. Көкшетау қаласына республикалық, облыстық, қалалық бюджеттен және мемлекеттік бағдарламалардан бөлінетін қаражаттың дұрыс бағытталуына назар аударамын.
  4. Облыс және Көкшетау қаласы тұрғындарының қордаланған әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне атсалысамын. Урбанизация процесінің нәтижесінде шешілмеген негізгі мәселелерді атқарушы билік алдында көтеремін.
  5. Көкшетау қаласы мен оның аймағындағы табиғатының экологиясы алаңдатады. Осы бағытта негізгі мәселелерге назар аударамын.
  6. Ел болашағы жастардың мемлекеттің барлық құрылымдық жүйесіне еркін араласуына жағдай жасалуы қажет. Осы мәселелерге атқарушы және өкілетті биліктің назарын аударуға көңіл бөлемін.
  7. Мемлекетіміздің жаңа саяси-идеологиялық жүйенің негізгі концептуалдық бағытын іске асыру жолына айрықша көңіл бөлемін.

Әсіресе, мемлекеттік тіл, жаңа қоғамдық рухани құндылықтардың саналы түрде насихатталуына басымдылық жасаймын.

Ақысы республикалық бюджет қаржысы есебінен аумақтық сайлау комиссиясымен төленді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар