Бүгін 2,5 мыңға жуық қазақстандық банкроттыққа өтінім берді

– Банкрот атанғысы келген қазақстандықтарға қатысты соңғы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«3 наурызда азаматтардан банкроттық туралы өтініш қабылдау басталды. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша банкроттық туралы соттан тыс 1469 өтініш келіп түсті. Оның ішінде eGov арқылы 1399, ал e-Salyq Azamat арқылы 70 өтінім бар. Алғашқы өтініш электронды үкімет порталы арқылы Жамбыл облысынан сағат 09:05-те келді», – делінген хабарламада.

Кірістер комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес, кешкі сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ел аумағынан 2466 өтініш түскен.

Банкроттыққа өтініш беру бойынша көш басында Түркістан облысы тұр (289 өтініш). Одан әрі 238 өтінішпен Алматы қаласы, үшінші орынға Алматы облысы (227 өтініш) орналасқан.

Айта кетсек, бүгін елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды. Аталған рәсім туралы толығырақ осы сілтеме арқылы танысуға болады.

Сондай-ақ, банкроттық жариялау қызметі eGov.kz және eGov Mobile қосымшасында қолжетімді.

Одан бөлек, банкроттық рәсімдеуге өтініш берудің бейненұсқауы жарияланды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар