Биатлоннан әлем біріншілігі: Норвегия мен Германия – алтын

4 наурыз, сенбі күні Щучинск қаласында жасөспірімдер мен жастар арасындағы биатлоннан Әлем чемпионаты басталғанын бұдан бұрын газетімізде хабарлаған болатынбыз. Бұл чемпионат 12 наурызға дейін созылатын болады.

Жарыстың алғашқы тартымды сайысы – жасөспірімдер және жастар арасында өткен, әр құрамадан 2 жігіт және 2 қыз қатысқан аралас эстафета болды.

Бұл жасөспірімдер арасындағы аралас эстафетаға Қазақстан атынан Яна Чупик, Милана Женева, Евгений Литвинов және Егор Гребенщиков қатысты. Бұл жарыста ең жақын қарсыласы Германия құрамасын 35 секундқа ұтқан Норвегия құрамасы жеңімпаз атанды. Үздік үштікті Украина құрамасы түйіндеді.

Жарыс күнінің екінші сайысы жастар арасындағы аралас эстафета болды. Жеңіс Германия құрамасына бұйырса, екінші орынды Франция құрамасы иеленіп, қолажүлдені Норвегия құрамасы ұтып алды. Қазақстан құрамасының спортшылары Арина Крюкова, Полина Егорова, Вадим Куралесжәне Никита Акимов жеңімпаздан 5 минут 42 секундқа қалып, 13-орынға тұрақтады.

Жарыс жеңімпаздарына Халықаралық биатлон одағының медальдары, сонымен қатар, «BayanSulut» шоколад компаниясынан кәдесыйлар табыс етілді. Спортшыларға марапаттарды Халықаралық биатлоншылар одағының президенті Олле Даллин мен Қазақстан Биатлоншылар одағының президенті Ермек Қизатов табыс етті.

Шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ, «SportQory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры қолдау көрсетеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар