Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еліміздің даңқын асырған спортшы - АРҚА АЖАРЫ

Еліміздің даңқын асырған спортшы

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Щучинск қаласында өтіп жатқан биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына Швециядан құрметті қонақ ретінде арнайы шақыртумен келген даңқты жерлесіміз, тәуелсіз Қазақстанның Олимпиада чемпионыВладимир Смирновты қабылдап,жылы лебізін білдірді.

Владимир Михайлович Смирнов 1964 жылы Көкшетау облысының Щучинск қаласында дүниеге келген. Болашақ чемпион жастайынан спортқа әуестігімен көзге түсіп, мектептегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі В.Браташовтың жетекшілігімен қысқы спорт түрімен айналыса бастайды. Содан кейін ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.Унгефукке ауысып, шаңғы спортына ден қояды.

Ол 1979 жылы КСРО біріншілігінің күміс жүлдегері атанып, еліміздің жасөспірімдер құрамасының сапына қабылданады. Екі жылдан кейін әлем чемпионатында алғаш рет жеңіске жетіп, эстафетада алтын медальға ие болады. Владимир Смирнов жеті әлем чемпионатына қатысқан. Барлығы 4 алтын, 7 күміс және қола жүлденің иегері, екі рет Әлем Кубогын жеңіп алған спорт саңлағы. Аңызға айналған шаңғышы Лиллихаммер Олимпиадасында 50 шақырым қашықтықтағы додада жеңімпаз атанып, алтын медальді иеленді. 1999 жылы Владимир Михайлович спорттық мансабын аяқтады, қазіргі уақытта отбасымен Швецияда тұрады.

Облыс әкімдігінде болған кездесу барысында спортшы 2015 жылдан бері туған жерге жолы түспегенін атап өтті. Осы уақыт ішінде өңірде, оның ішінде спорттық инфрақұрылым саласында үлкен өзгерістер болып жатқандығын баса айтты.

– Өңіріміздегі спорт саласының дамуына ерекше мән береміз. Кәсіби және бұқаралық спортпен шұғылдануға барлық жағдайларды жасауға тырысып жатырмыз.Қазіргі заманғы спорт кешендерін де, халықтың кең тобына қолжетімді спорт ғимараттарын да салу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өйткені, бұқаралық спорт даңқты чемпиондар мен рекордшылар плеядасының негізін қалады, – деп атап өтті Е.Маржықпаев.

Аймақ басшысының айтуынша, биатлоннан әлем чемпионаты аясында Ұлттық шаңғы орталығының базасында спорт мұражайының ашылуы өтті, оның экспозицияларының бірі біздің аймақты ғана емес, бүкіл елімізді жеңістерімен танымал еткен Владимир Смирновқа арналған.

–Әр түрлі елдердің спортшылары жарыстыңжақсы ұйымдастырылғанын атап өтуде. Ауарайы да бізді қуантуда. Еуропада мұндай қыс болмайды,  – деп жауап берді Владимир Михайлович. – Айта кету керек, стадион ірі іс-шараларды өткізу үшін ғана емес, сонымен қатар, жаттығу процесі үшін де салынған. Облыста чемпиондардың қатары артуы үшін жаттықтырушылар құрамының бірлескен жұмысы, қызығушылық танытқан балалар және жақсы материалдық-техникалық жабдықтар қажет. Сонда міндетті түрде нәтиже болады. Әзірге чемпионатта біз өз құрамамыздың өнеріне оң баға бере алмаймыз. Өкінішке орай, олар 20 үздіктің қатарынан да орын ала алмай отыр. Біздегі үздік нәтиже әзірге Данил Червенкода.  Ол 11-ші орынға табан тіреді.

–Қысқы спорт түрлерінің дамуы жолында алдағы перспективаларға назар аудару керек.10-15 жыл бұрын мұндай заманауи жаттығу залдары болған жоқ. Бірақ, соған қарамастан, нәтижелер әлдеқайда жақсы болды. Ел басшылығы қысқы спорт түрлеріне назар аударғанын қалаймын. Мысалы, Қазақстанда қазір бүкіл әлемде өте танымал шана спорты түрлері жоқ. Өңірде жаңа Олимпиада чемпионынтәрбиелеу үшін алда әлі талай ауқымды жұмыстар күтіп тұр, – деп қорытындылады Владимир Михайлович.

Кездесу барысында сол жылдары облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған Николай Горбунов та сөз сөйлеп, өз ойын ортаға салды.

– Сол кездегі спортшылардың еңбекқорлықтарына тәнті боламын.   Володя жарыстарға немесе жиындарға кетіп бара жатқанда, ата-анасына қамқорлық жасауға тырысатынбыз. Ол кісілер сол кездің өзінде егде адамдар еді. Картоп отырғызудан бастап, зейнетақыларын уақытылы алуға дейін көмектесіп тұратынбыз. Володя Ақмола спортына көп еңбек сіңірді. Олимпиадалық резервтің негізі – оның еңбегінің нәтижесі. Мен өскелең ұрпаққа еңбекқор болсаң, Володядай бол дегенді айтар едім.  Уақыт деген зымыран. Иә, бір кездері бос жер мен шаңғы трассасы болған жерде  қазір осындай кең көлемдегі жарыстар өтіп жатқандығын көріп қуанамыз, – деді ол.

Кездесу соңында Ермек Боранбайұлы даңқты спортшыны туған күнімен құттықтап, толайым табыс тілеп,өңіріміздің спорт саласына сіңірген еңбегі үшін алғыс айтты.Кездесуден кейін облыс әкімі спорт саңлағымен бірге «Сарыарқа» шағын ауданындағы жеңіл атлетика манежі мен салынып жатқан хоккей кортына барып, спорт нысанының жұмысымен танысып қайтты.

Наталья ЯКОВЛЕВА,
Ұлмекен ШАМЕНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар