«Ән аға – Шәмші аға!»

«Көкшетау» мәдениет сарайында қазақ вальсінің королі, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын насихаттау, келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылған «Ән аға – Шәмші аға» облыстық ән байқауының гала-концерті өтіп, өнер додасының жүлдегерлерімарапатталды.

Композиторды ұлы тұлғаға айналдыратын нәрсе – ән. Ал әнді тыңдарманға жеткізе білу сазгер мен әншінің шеберлігіне байланысты. Шәмшінің қай әнін алсақ та, бұл ұлттық нақышқа толы бояу бедерін жоғалтпаған шынайы шығарма. Қазақ халқының бітім-болмысын, шынайы бейнесін сипаттап, ән әлемінде айрықша орнын қалдырған ұлы композитордың атын ұлықтайтын дәстүрлі өнер додасына облысымыздың Ақкөл, Аршалы, Жарқайың, Зеренді, Егіндікөл, Бұланды, Атбасар, Қорғалжын, Бурабай, Шортанды, Целиноград аудандары мен Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалаларынан келген 20 талантты өнерпаз қатысты.Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің  300-ге жуық әндері бар. Биылғы байқаудың ерекшелігі, ұлы композитордың орындаушысын таппай, орындалмай жүрген әндері жарыққа шығарылып, көрерменге жол тартқанында. Ұлы композитордың әндерін орындаушыларға төрелік еткен, бағасын берген қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Біржан сал атындағы колледжі хор дирижер бөлімінің меңгерушісі,  қазылар алқасының төрайымы Асылтас Фазылова, мәдениет қайраткері, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармониясының әртісі Жанат  Есов, респбуликалық байқаулардың лауреаты, әнші Серікболсын Бекмолдин болды.

Сахнада шырқалған әндердің қатарында «Отырардағы той», «Сыр сұлуы», «Әнім сен едің», «Сүйген болсаң сағынарсың», «Сағынышым менің», «Ақмаңдайлым», «Шынарым», «Сыған серенадасы» «Кешікпей келем деп ең», «Өмір өзен», «Бақыт құшағында» сынды әндері бар.

Мерекелік кештің қонақтары Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары Нұрлан Әміров пен Арайлым Баярлина да өнер көрсетті. −Мекеме басшыларына көп рахмет айтқым келеді. Осындай ғимаратта халықты жинап,әдемі байқау өткізіп, арнайы шақырып отыр. Бұл ғимараттан қаншама болашақ өнер жұлдыздарышығып жатыр. Шәмші ағамызға арналған өнер байқауында сахна төріне шыққан өнерпаздарға тек сәттілік пен шыдамдылық тілеймін, −дейді Нұрлан Әміров.Өзінің қорытынды сөзінде Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова да қазақтың ән өнерінде есімі ерекше сақталар біртуар сазгердің ән мерекесі жоғары дәрежеде өткенін ерекше атады.

Өнер бәйгесінде талантымен дараланған байқау жеңімпаздары арасында бас жүлдені Шортанды ауданының тумасы Айдар Байдилдин иеленді. Ал, бірінші орынды Степногорск қаласынан келген Мағауия Қуатбаев жеңіпалды. Екінші орын Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр ауылынан Ақтоты Әбдірахманның үлесіне тисе, үшінші орынды Бурабай ауданынан келген Өмірзақ Құрбанов  иеленді.

−Бүгінгі күні ғасырдан-ғасырға ұмытылмайтын біздің жүрегімізде кең орын алған Шәмші ағамыздың әндерін тамашаладық. Оның әндері жүректен жүрекке, атадан балаға қалған мұра. Сахнада ұлы композитордың әндерін шырқаған әншілерге бас иіп, үлкен рахмет айтқым келеді,−дедіАсылтас Фазылова құттықтау сөзінде.Барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Өнерсүйер қауым бүкіл елде Шәмшінің әні әуелегендей ерекше сезімде болды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар