Автокөлікті техникалық байқаудан өткізу: жалған куәліктер тексеріледі

Премьер-Министр Әлихан Смайылов автокөлікті техникалық байқаудан дұрыс өткізбеген орталықтарға қатысты жауапкершілік күшейтілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Міндетті техникалық байқау саласында жауапкершілікті күшейту мақсатында тиісті кодекске өзгерістер енгізіліп жатыр», – деп жазды Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның айтуынша, автокөлікті қарамай, оның жабдықтарын тексермей рұқсат құжатын беру деректері ерекше бақылауда болады.

Осы орайда, техникалық байқаудан жалған куәлік алуға тырысқан автокөлік иелері де жауапқа тартылады, яғни айыппұл салу қарастырылады. Сонымен қатар, осындай әрекеттер анықталған жағдайда, «Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторына қатысты жауапкершілік мәселесі пысықталып жатыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар