Ақмола облысында тағы бір жанар-жағармай құю станциясына айыппұл салынды

Ақмола облысында тағы бір жанар-жағармай құю станциясына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Қазақстан автохимиясын өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығының» өтініші бойынша «PETROLEUM TRADE» ЖШС-нің «Эталон» жанар-жағармай құю станциясына қатысты Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізді.

«Тексеру барысында KIXXG1 5W40, 1 L (өндірушісі: GSCaltexCorp, GSTower 508, Nonheyon-ro, Seoul, Korea) маркалы мотор майының КҚ ТР 4.4 тармағының талаптарына сәйкес келмеуі анықталды. Сондай-ақ, бейнематериалдарға сәйкес сатушының заңды тұлғаның талабы бойынша сапа паспортының көшірмесін немесе қауіпсіздік паспортының көшірмесін ұсынбауы жайлы дерек тіркелді», – деді ведомстводан.

Осы ретте, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 415-бабының 1-бөлігіне сәйкес келмейтін өнімді айналысқа шығару бойынша нормативтік құқықтық актілермен жауапкершілік көзделген.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы сомасы 534 750 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұлдың толық соммасы төленді. Департамент қызметкерлері «Техникалық реттеу туралы» Заңның және Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді», – деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетсек, бұған дейін Көкшетауда «Гелиос» жанармай құю станциясына айыппұл салынды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар