Көкшетауда «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік концертті өтті

Наурыз мейрамының мерекелік онкүндігін облыс орталығындағы «РИО» СОО-да «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік концерттік бағдарламасы ашты.

Шарада облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайының көркемөнерпаздар ұжымдары өнер көрсетті.

Концерттік бағдарламада өнер көрсеткен Халықаралық дарынды балалар мен жастарға арналған «NOMADS KIDS» байқауының «Бас жүлде» иегері Әмірәли Азаматұлы жиналған қауымның ерекше ықыласына ие болды.

Көкшелік тұрғындар назарына сауда ойын-сауық орталығының қонақтарына қазақтың ұлттық тағамы қымыз бен бауырсақ таратылды.

Жиналған қауым назарына ұсынылған Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің арнайы көрмесі де мерекелік іс-шараның көркін қыздыра түсті.

xxx

Бұдан әрі облыс ортылығындағы әдебиет және өнер музейінде «Наурыз – береке мейрамы» атты Көрісу күні мерекесіне орай мәдениет саласы майталмандарымен кездесу өтті.

Ата салтымыз бойынша үлкендерге құрмет көрсетіліп, ақ тілек батасы алынды. Жиналған қауым бір-біріне ізгі ілтипат тілектерін арнады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар