Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жүргізушілердің жетіспеушілігінен, жаңа автобус құр тұр - АРҚА АЖАРЫ

Жүргізушілердің жетіспеушілігінен, жаңа автобус құр тұр

Күн тәртібінен түспей келе жатқан автобус жүргізушілерінің жетіспеушілік мәселесі Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасында талқыланды.Кейінгі уақытта қоғамдық көлік жүйесінде автобус жүргізушілерінің тапшылығы байқалуда. Тек бір ғана Көкшетау қаласының өзінде 80-нен астам жүргізуші жетіспейді. Бұл ретте, облыс орталығында бүгінде 3 жолаушы тасымалдаушы кәсіпорын бар. Олар «СейНұр», «Bus Kokshe» және «Көкшетау автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.Егер 2015 жылы желіге 130 автобус шықса, қазір тек 90 автобус қана шығады. Бертін Көкшетау автобус паркінде 74 жаңа автобус сатып алынды, алайда, олардың 10-нан астамы жүргізушілердің жоқтығынан құр тұр. Кадр тапшылығының негізгі себептерінің бірі D жүргізушілік санатын алуға қойылатын жоғары талаптар.

–«D» санатын алу үшін 2015 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қоғамдық көлік жүргізушілерін даярлау ережелеріне сәйкес жүргізушінің жасы кемінде 25-те болуы керек, оған тек кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы шарт. D1 кіші санаты бойынша шағын автобуспен кемінде 3 жыл жүруі керек. Бұл талаптар қоғамдық жолаушылар тасымалына кедергі жасайды. 4-5 жылдан кейін осы  саланы кадрлық құлдырау күтіп тұр. Бүгінде кәсіпорында 63 жастан асқан 45 жүргізуші, 50-ден 63 жасқа дейінгі 105 жүргізуші, 30-дан 40 жасқа дейінгі 22 жүргізуші жұмыс істейді, ал, 30 жасқа дейін бірде-бір жүргізуші жоқ, – деп атап өтті «Көкшетау автобус паркі» ЖШС президенті Әсия Шәрімова.

Тасымалдаушылардың пікірінше, проблеманы шешудің бір жолы – қалаішілік және қалааралық маршруттарға қойылатын талаптардың ара-жігін ажырату7

–Бұл орайда, жол қозғалысы туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі №194-V ҚР Заңына өзгерістер енгізу қажет. Қалаішілік маршруттарда 23 жастан бастап D санатындағы жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігін көздеу, сондай-ақ, D1 кіші санатының болуы туралы талаптарды алып тастау қажет. Қалалық автобус маршруттарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілінен кейін қалааралық маршруттарда жұмыс істеуге рұқсат етілгені жөн, –деп атап өтті Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Расул Сыздықов.

Отырыс қорытындысы бойынша осы ұсыныстар атап көрсетілген хаттама  толтырып, тиісті орындарға жолданатын болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар