Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Жер заң аясында» жобасы іске асырыла бастады - АРҚА АЖАРЫ

«Жер заң аясында» жобасы іске асырыла бастады

Бүгінгі таңда Ақмола облысы үшін жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі және ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану мәселелері өзекті болып отыр.

Облыс бойынша жайылымдардың тапшылығы 400 мың гектардан, ал, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағы 1 миллион гектардан асады. Мұндай мәселелерді шешу, оның ішінде пайдаланылмайтын жерлерді егіс айналымына енгізу үшін облыс прокуратурасы «Жер заң аясында» жобасын іске асыруда.

Жоба аясында прокуратура облыстық әкімдікпен бірлесіп, жұмыс тобын құрды. Топ мүшелері ауылдарға шығып, халықпен кездесулер өткізіліп, азаматтарды қабылдау ұйымдастырады, жер мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Жобаны тиісінше іске асыру мақсатында бірлескен іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілді. Ауыл тұрғындарының, оның ішінде пайшылардың құқықтарын қорғауүшін Жер кодексіне және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері көтерілуде.

Атап айтқанда, үлескерлердің серіктестіктер құрамынан шығу, дивидендтер алу құқықтарын, сондай-ақ,пайға алған жерлерін кепілге қою кезінде дауыс берудің жаңа тәртібін бекіту ұсынылды. Мұнымен бірге, Ауыл шаруашылығы министрлігіне жайылымдық жерлерді қысқартуға жол бермеу жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Бүгінгі таңда өңірдің құқық қорғау органдары жер заңнамасының бұзылу фактілері бойынша 6 қылмыстық істі тергеуде.

2022 жылы қадағалау шаралары бойынша мемлекетке жалпы аумағы 60 мың гектардан астам 67 жер учаскесі қайтарылды, 175 шартты жер үлестерін иеленушінің құқықтары қорғалды.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар