Ақмола облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығын тағайындау тәртібі туралы ереже

«БЕКІТЕМІН»
Ақмола облысы
әкімінің орынбасары
_______ А.Б. Әміренова
«____» ________ 2023 ж.

 Ақмола облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы (бұдан әрі – Сыйлық) мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыру, тілдерді дамыту мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан тұлғаларды көтермелеу және оларға қолдау көрсету мақсатында тағайындалады.

  1. Облыс әкімінің Сыйлығы жылына бір рет Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында өткізілетін салтанатты жиында табыс етіледі.
  2. Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту мен насихаттауға тікелей үлес қосқан тұлғалар Сыйлыққа үміткерлер ретінде келесі номинациялар бойынша қатыса алады:

1) «Тіл майталманы» номинациясы – мемлекеттік тілді дамыту мен танымал етуге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ6 оқу және мәдени-ағартушылық бағдарламалардың, әдістемелік құралдардың әзірлеушілері мен жүзеге асырушылары болып табылатын, қоғам өмірінің әр саласында қазақ тілінің кең қолданылуына бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысып жүрген шығармашылықпен айналысатын азаматтар және зиялы қауым өкілдері арасында;

2) «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» номинациясы – облыстың мемлекеттік және бюджеттік мекемелерінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту ісіне айтулы үлес қосып жүрген мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік және азаматтық қызметшілері, штаттан тыс мамандары арасында;

3) «Мемлекеттік тіл бизнесте» номинациясы –облыс аумағында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру барысында ұлттық құндылықтарды насихаттауға және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосып жүрген шағын және орта бизнес өкілдері арасында;

4) «Тіл күрескері» номинациясы – өңірдегі ішкі/сыртқы көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілдің нормасына сәйкес әзірленуіне және қате жазылған ақпараттарды түзетуге атсалысып жүрген азаматтар арасында;

5) «Үздік аудан/қала» әкімі номинациясы – өзінің ауданында/қаласында мемлекеттік тілдің дамуын насихаттап, өз мекемесіндегі құжатайналымның мемлекеттік тілде жүргізілуіне ерекше көңіл бөліп жүрген әкімдер арасында;

6) «Үздік білім  беру нысаны» номинациясы – облыс аумағындағы білім беру ордаларында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, қолданысын одан әрі кеңейтуге ерекше үлес қосып жүрген нысандар арасында (мектептер, балабақшаларжәне олардың басшылары/меңгерушілері)

7) «Үздік қазақтілді блог» номинациясы – облыс төңірегінде әлеуметтік желілерде қазақтілді контентті дамытып, мемлекеттік тілдің дамуына ерекше үлес қосып жүрген блогерлер арасында;

8) «Үздік заңгер»  номинациясы – облыс аумағында өз қызметінде мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып, құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеуді насихаттап жүрген қызметкерлер арасында (адвокаттар, нотариустар, сот қызметкерлері және т.б.)

9) «Үздік өлкетанушы» номинациясы – өз қызметінде мемлекеттік тілдің пайдаланылуына сүбелі үлес қосып жүрген әрі мұражайдың зерттеу жұмысында қазақ тілді насихаттап жүрген өлкетанушылар арасында;

10) «Қызмет көрсету нысанының үздік қызметкері» номинациясы – қызмет көрсету нысандарында мемлекеттік тілдің қолданысын арттыруға сүбелі үлесін қосып жүрген қызметкерлер арасында (халыққа қызмет көрсету орындарының, білім/мәдениет саласына кіретін қызмет көрсету орындарының, қоғамдық көліктердің қызметкерлері, шаштараз/асхана қызметкерлері, базар/сауда үйлерінің сатушылары және т.б.)

  1. Номинацияға қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   түйіндеме, өмірбаян, мекемеден ұсыныс-мінездеме;

2)   1 фотосурет (өлшемі 9х12);

3)   жеке куәлік көшірмесі;

3) мемлекеттік тілді дамыту және жетілдіру бойынша жобалық ұсыныс;

4)  мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту саласында жеткен жетістіктерін растайтын құжаттардың және материалдардың көшірмелері (грамоталар, дипломдар, Алғыс хаттар, сертификаттар, мақалалар, жарияланымдар, тақырыптық телехабарлар, бағдарламаларда қатысқанын растайтын анықтамалар және олардың CD/DVD көшірмелері). Құжаттар соңғы 3 жыл көлемінде атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша ұсынылуы тиіс.

  1. Сыйлыққа үміткер тек бір номинация бойынша қатыса алады, сонымен қатар6 Сыйлық лауреатының құжаттары үш жыл көлемінде қайта қабылданбайды.
  2. Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қабылданбайды. Үміткерлер ұсынған құжаттар қайтарылмайды, пікір берілмейді.
  3. Сыйлықты тағайындау тәртібі туралы ереже жергілікті баспа басылымдарында жарияланады.
  4. «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі комиссияның жұмысшы органы (одан әрі – Жұмысшы орган)болып табылады.
  5. Жұмысшы орган өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:

1) Сыйлыққа ұсынылған үміткерлердің конкурстық құжаттарын қабылдап, алдын ала қарастырады;

2) комиссияның қарауына конкурстық құжаттарды ұсынады;

3) Сыйлық лауреаттарының дипломдарын, куәліктерін және құрмет белгілерін ресімдейді.

  1. Құрамы облыс әкімінің орынбасарымен бекітіледі. Комиссия мүшелерінің қатарында көрнекті қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері, БАҚ жетекшілері, мемлекеттік органдардың өкілдері болады. Қажет болған жағдайда комиссия жеке мәселелер бойынша кеңесшілерді, сарапшыларды тартуға құқылы.
  2. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:

1) лауреаттарды іріктейді және номинацияға қатысуға жіберу бойынша  ұсыныстар енгізеді;

2) комиссияға түскен материалдар мен құжаттарды қарастырып, зерделейді, облыс әкіміне Сыйлық тағайындау жөнінде ұсыныс енгізеді.

  1. Комиссияны төраға басқарады. Комиссия төрағасы болмаған кезде, оның міндеттерін комиссия төрағасының орынбасары жүзеге асырады.
  2. Комиссия төрағасы:

1) комиссия қызметін ұйымдастырады және басқарады;

2) комиссия отырысын өткізеді  және оған төрағалық етеді;

3) комиссия мүшелері арасынан комиссия отырысының күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша баяндамашыны анықтайды;

4) комиссия құзыреті аясында басқа да өкілеттілікті атқарады.

  1. Комиссия хатшысы:

1) комиссия отырысының өткізілуін  қамтамасыз етеді;

2) комиссия отырысының күн тәртібін белгілейді, комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күн тәртібі, өтетін орны мен уақыты туралы хабарлайды;

3) комиссия мүшелеріне келіп түскен құжаттарды ұсынады;

4) комиссия төрағасының тапсырмаларын орындайды;

5) Сыйлыққа ұсынылған үміткерлер бойынша комиссия мүшелерінің дауыс беруін ұйымдастырады;

6) үміткерлердің жұмысын қарау нәтижесі бойынша хаттама ресімдейді.

  1. Комиссия Сыйлыққа үміткерлерді екі кезеңге бөліп қарайды. Бірінші кезеңде – әр номинация бойынша 3 үміткерден іріктейді, екінші кезеңде – Сыйлыққа бір үміткерді іріктеп алады.
  2. Сыйлық тағайындау туралы ұсыныс Комиссия мүшелерінің ашық және көпшілік дауысымен әрбір үміткер бойынша жеке-жеке қабылданып, хаттамамен ресімделеді.
  3. Облыс әкімінің Сыйлығы комиссия хаттамасы негізінде тағайындалады.
  4. Комиссия отырысы, егер оған комиссия құрамының 2/3 кем емес мүшесі қатысқан жағдайда, заңды болып саналады.
  5. Комиссия мүшесі өз жұмысын Сыйлық үміткері ретінде ұсынуға құқығы жоқ.
  6. Сыйлықтың сыйақы көлемі бюджетте қарастырылған қаражат есебінен төленеді.
  7. Сыйлықтың 10 жеңімпазына 200 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар тапсырылатын болады. Төлем қыркүйек айында жүргізіледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар