Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Дариға-дәурен» ән кеші көңілден шықты - АРҚА АЖАРЫ

«Дариға-дәурен» ән кеші көңілден шықты

Жақында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Рамазан Стамғазының «Дариға-дәурен» атты ән кеші өтті.

«Өнер алды – қызыл тіл» демекші, әнші өзінің кешін мақалдатып-мәтелдетіп бастап, жер жәннаты Көкше жерінде болатын концертіне қуана келгенін айтты. Қазақ халық әндерін табиғи таза түрінде және заманауи стильде кеңінен насихаттап жүрген дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазы киелі Көкше өңірінің өнерсүйер қауымына облыстық филармонияның К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптары оркестрімен дайындаған тартымды концерттік бағдарламасын ұсынды. Дәстүрлі ән өнерінің дамуына және жаңа деңгейге көтерілуіне игі ықпал етіп келе жатқан әншінің әр концерті бай мазмұнымен, көркемділігімен, жоғары деңгейде орындалған туындыларымен ерекшеленеді. Концерт барысында Рамазан Стамғазы қазақ халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуінде халық әндерін, Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Балуан Шолақ сынды сал-серілердің және Қазақстанның заманауикомпозиторларының әндерін орындады.

Рамазан Өмірәліұлы Стамғазиев 1967 жылы 3 мамырда Алматы облысы Райымбек ауданы Көкпияз ауылында туған. 1987-1989 жылдары Алматы эстрада-цирк училищесін Қайрат Байбосыновтың класы бойынша көкшелік дүлдүл әнші, марқұм Қажыбай Жахинмен бірге бітірген. Осы келгенінде Рамазан үшін  әрине, өзімен дос, сырлас болған Қажыбайымыздың орны үңірейіп тұрғаны анық. Одан әрі 1991-1995 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің музыка бөлімін «домбыра» мамандығы бойынша бітірген әншінің «Өнер магистры» ғылыми атағы бар. Қазіргі кезде Қазақ ұлттық өнер академиясының «дәстүрлі ән музыкасы» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарады.

Белгілі әнші әр қазақтың жүрегін тербетер «Ақ шашақ», «Ойланшы өзің», «Секіртпелі сем-сем» әндерін К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен орындады. Оркестрге Руслан Қойшыбаев дирижерлік етті. Концертке жергілікті филармония солистері Сәрсенбай Хасенов және мәдениет саласының үздігі Эльмира Төлеубаева да қатысты. Олардың орындауында «Жас қазақ», «Қарқаралы» әндері шырқалды. Әсіресе, әншінің жары, сол күні өзінің туған күнін атап өткен Ұлту Қабайдың орындауындағы «Ақтолғай», «Қаздар қайтып барады» әндері де кешке зор ажар беріп, көрермен қауым гүл шоқтарын сыйлады. Бүкіл қазақ сүйіп әрі тебіреніп тыңдайтын «Дариға-дәурен», «Жаса, Қазақстан!» әндерімен өз кешін аяқтаған Рамазан Стамғазыға бүкіл әнсүйер қауым дән риза болып, қошеметтерін білдірді.

Қарлығаш ҚАРПЫҚБАЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар