Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мереке алдындағы ықылас-ниетпен марқайып қалды - АРҚА АЖАРЫ

Мереке алдындағы ықылас-ниетпен марқайып қалды

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласы бойынша жұмыс сапары аясында «Көкшетау су арнасы» кәсіпорнында және тағы бірқатар әлеуметтік нысандарда болып, Краснояр ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының барысымен танысты.

«Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнында 311 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 77 адам инженерлік-техникалық салада қызмет атқарады. Өңір басшысы жұмысшыларды Наурыз мейрамымен құттықтап, олардың қажырлы еңбегін атап өтіп, кәсіпорынның дамуына қосқан үлесін бағалады. Сондай-ақ, мереке құрметіне сыйлықтар табыс етті. Одан әрі облыс әкімі «Chery» диллерлік орталығына барып, аталмыш нысанның қызметімен танысты.

Диллерлік орталық ресми түрде жұмысын ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастады.
− Сіздердің жаңа ғана ашылғандарыңызды білеміз. Бірақ, мен қазірдің өзінде жұмыс жүріп жатқанын көріп тұрмын. Егер де жұмыс алаңдары немесе жер теліміне қатысты қандай да бір мәселелер туындаса, біз қолдауға дайынбыз, − деді облыс әкімі.

Сол күні өңір басшысы «Аналар үйінің» ресурстық орталығына барды. Бұл орталық 30 жасқа дейінгі, өмірлік қиын жағдайға тап болған, соған орай, баладан бас тартқысы келген жас жүкті қыздарға көмек көрсетеді. Атап айтқанда, оларға «Аналар үйінде» тұру, сәбиді сақтау, психологиялық қолдау, медициналық көмек, құжаттарды қалпына келтіру, жәрдемақы ресімдеу көмегі көрсетіледі.

Ермек Маржықпаев орталық қызметкерлері мен жас аналарға денсаулық тілеп, әрдайым қолдау көрсететінін атап өтіп, мереке күніне сыйлықтар табыс етті. Осыдан кейін ол қала іргесіндегі Краснояр ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Ағымдағы жылы бұл нысанды салуға 483 миллион теңге қаржы бөлінді. Облыс әкімі жұмысты уақытында орындауды,
сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттама нормаларын сақтауды тапсырды.

− Барлығы жоспарлы атқарылуы қажет. Ауыл мен қала арасындағы алшақтықты жою керек деп ойлаймын. Бізден талап етілетін барлық нәрсені жасаймыз және ауылды дамыту мақсатында осындай жобаларды салуға әрдайым қолдау көрсетеміз, − деді өңір басшысы. Сондай-ақ, ол «Үміт-Шаңырақ» қарттар үйіне барып, қариялар мен мүгедектерді де Наурыз мерекесімен құттықтады.

− Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Баршаңызға тілейтінім зор денсаулық пен қажымас қайрат. Дәстүр бойынша біз жыл сайын осында келіп, Сіздерді қолдауға тырысамыз. Мен сіздерді жылылық және мейірімділік мерекесімен құттықтаймын, − деді өңір басшысы.

Сапар соңында Ермек Маржықпаев тыл ардагері Майра Әбілпейісоваға барды. Бұл кісі Социалистік Еңбек Ері, даңғайыр диқан, марқұм Тұрлыбек Әбілпейісов ағамыздың жары. 1924 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау аудынының Жұмысшы
ауылында туды. Қария 9 бала тәрбиеледі, олардан 26 немере, 45 шөбере,

8 шөпшек дүниеге келді. 2010 жылы Елбасының Жарлығымен «Алтын алқа» алқасымен және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің құрметіне мерейтойлық медальдармен марапатталды. Облыс әкімі Батыр анаға және оның ұрпақтарына зор денсаулық, мол бақыт тілеп, сыйлығын тапсырды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар