Еліміздегі маңызды саяси науқанға жарқайыңдықтар да жауапкершілікпен қарап, белсенділікпен атсалысуда.
Жарқайың ауданының Державинск қаласындағы №483 сайлау учаскесінде 915 сайлаушы тіркелген. Мында сайлаушылар мен тәуелсіз бақылаушылар үшін барлық қажетті жағдайлар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы орта жасалған. Денсаулығына байланысты учаскеге өздері келе алмайтын тұрғындар үшін арнайы тасымалданатын жәшіктер арқылы дауыс беру көзделген. Сайлауға келген Жаңыл Ілиясова сайлау науқанында әр адамның дауысы маңызды екендігін айтады.
– Мен бүгін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасадым. Еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосатын азаматтарға дауыс беруге баршаңызды шақырамын. Еліміз жылдан-жылға өркендей берсін, – деп жылы лебізін білдірді ол.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Жарқайың ауданы.