Ақмолалықтардың белсенділігі жоғары

 Болашақты бағамдайтын саяси науқанға ақмолалықтар жіті назар аударуда. Өңірде 728 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Таңғы сағат онға дейін сайлаушылардың 15,1 пайызы дауыс беріп үлгерді. Белсенділік біршама жоғары. Бұл кезде облыстар арасында екінші межеде болды. Облыс орталығы мен шалғайдағы шағын ауылдарда белсенділік танытуда. Айталық, Біржан сал ауданындағы 31 сайлау учаскесінде 9465 сайлаушы тіркелген болса, сағат онға дейін 3124 адам өз таңдауын жасап үлгерді.

–Сайлаушылардың белсенділігі біршама жоғары. Демалыс күн болғандықтан асықпай келіп жатқандар да бар, – дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Міргүл Аяғанова, – саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары сайлау барысын қадағалап отыр.

Ел азаматтарының өз сайлау учаскелеріне барып, дауыс берулеріне барлық жағдай туғызылған. Нақтырақ айтсақ, қалалық және аудандық автобус бағыттары өңірдің барлық елді мекендерін қамтиды. Тіпті, Астана қаласының маңынжағы елді мекендерде жол жүру тегін.

Қияндағы Қорғалжын ауданында да аймақ тұрғындары саяси белсенділік танытуда. Бұл ауданда ұйымдас тырылған 17 сайлау учаскесіне 5216 сайлаушы тіркелген. Қорғалжын аудандық мәслихатына 28 үміткер бар. сайлау барысын «Аманат» партиясы мен «Дауыс» қоғамдық байқаушылары коалициясы бақылауда. Бұл ауданда сағат 11-ге дейін сайлаушылардың 1176-сы немесе 22,5 пайызы дауыс беріп үлгерді.

Облыс орталығында да саяси науқан барысында жалпақ жұрттың ел ертеңіне зор сеніммен қарайтынын аңғаруға болады. Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуовтың мәлімдеуінше, сағат 12-ге дейін өңірдегі 517714 сайлаушының 33,63 пайызы дауыс беріп үлгерген.

Байқал БАЙӘДІЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар