– Әлемнің 7 қаласында сайлау учаскелері жұмыс істей бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда Таяу Шығыста Абу-Даби, Дубай, Маскат және Ереван, Баку, Астрахан және Тбилисиде дауыс беруге арналған учаскелер жұмыс істей бастады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана уақытымен таңғы сағат 4-те Сеулде №258 және Токиода №261 сайлау учаскелері әлемде бірінші болып ашылды.
Оңтүстік Кореядағы ҚР азаматы курсант Асанов Ельнур бірінші болып дауыс берді.
ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша – 29 депутат сайланады.