Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамымен ең жылы құттықтауымды  қабыл алыңыздар!

Сонау бағзы ғасырлардан халқымыздың рухани кең өрісін көрсете отырып, бұл айшықты мереке уақыт пен ұрпақтардың үзілмес байланысын айғақтап, көктемгі  тепе-теңдікті, барлық тіршілік иелерінің жаңаруы мен жаңғыруын паш етеді. Бұл күні біз өткен кезеңімізді ой елегінен өткіземіз, белгілі бір қорытындыларға келіп, болашаққа жоспарлар құрамыз.

Ақмола облысы Наурыз мейрамын жақсы жетістіктермен қарсы алып отыр. Біз еліміздің дамуына лайықты үлесімізді қосуды одан әрі жалғастыра түсудеміз. Экономиканың барлық бағыттары бойынша тұрақты өсім байқалады. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салалары, шағын және орта бизнес ойдағыдай дамып келеді. Жаңа жұмыс орындары құрылуда. Әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер мен жолдар салынуда.

Күні кеше ғана біз өзіміздің конституциялық құқықтарымызды пайдаланып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауға белсене қатыстық және дүниежүзіне өзіміздің бірлігіміз бен ынтымағымызды тағы бір дәлелдей түстік. Біз сіздермен Мемлекет басшысының тарихи жағынан маңызы зор саяси бастамаларының іске асырылуының куәсі болып келеміз. Оның өзін біртұтасқандық пен жалпыұлттық бірігудің үлгісі деуімізге болады. Қол қусырып қарап отырмай, біздің бәріміз ата-бабаларымыз сияқты еңбекті сүйіп, өлкеміздің экономикалық тұрақтылығын нығайту, бәсекеге қабілетті күшті Қазақстанды құру жолында еңбек етудеміз.

Құрметті жерлестер!

Наурыз – табиғатпен бірлесу, ізгілікті қадамдар мен ойларға барудың мерекесі. Біздің халық қашан болсын табиғатты сыйлап, онымен бір кеңістікте өмір сүрді. Бұлақтардың көзін ашу, ағаш отырғызу, қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту – бұл біздің ерте заманнан қадірін білген ежелгі дәстүрлеріміз. Көмекке мұқтаж адамдарға көмектесу де осы бүкілхалықтық мерекемен астасып жататын берік дәстүріміздің бірі болып табылады.

Көгілдір көктем әкеле жатқан жылылық пен күн шуағына келер үміттерімізді байланыстыра отырып, біз Наурызда қайта түлегендей боламыз. Наурыз рухани тазаруымызға, жер бетінде бейбітшілік пен келісімді нығайтуымызға, біздің халқымыздың мәдени мұрасын байытуға игі ықпал ете отырып, Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерімізбен бірлігімізді одан сайын бағалап, қастер тұтуға үндейді. Тәуелсіздік жылдарында бір үлкен шаңырақ болып Наурыз мейрамын бірлесе тойлау игі дәстүрімізге айналды.

Жалпыхалықтық мереке – Наурызымыз алда да үлкен бастаулар мен оң өзгерістердің жаршысы болсын. Ол әрбір үйге жақсылық пен ырыс-береке, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен бақыт әкелуіне тілектеспін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар