Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Макрон кәсіподақтарға келіссөз ұсынды, бірақ зейнетақы реформасы туралы емес - АРҚА АЖАРЫ

Макрон кәсіподақтарға келіссөз ұсынды, бірақ зейнетақы реформасы туралы емес

– Франция президенті Эммануэль Макрон зейнетақы реформасына қарсы наразылық акциясы кезіндегі тәртіпсіздікті сынға алды. Ресми мәлімет бойынша, 400-ден астам полиция қызметкері зардап шекті, 500-ге жуық адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Жаңа манифестация туралы хабарландыруға байланысты Ұлыбританияның жаңа королі III Карлдың алғашқы шетелдік сапары кейінге қалдырылды, ол жексенбіде Францияға келмек болған.

Брюссельдегі брифинг кезінде Макрон кәсіподақтармен еңбек заңнамасы туралы келіссөздер жүргізуге дайын екенін, бірақ зейнетақы реформасы талқыланбайтынын айтты.

«Мен сәрсенбіде еңбек қызметінің денсаулыққа әсері, мансапты аяқтау, кәсіпті өзгерту, мансаптық өсу, кейбір салалардағы жағдайлар мен жалақы сияқты тақырыптар бойынша алға жылжуға дайын екенімді өзім атап өттім. Сондықтан, олар осы мәселелердің төңірегінде менімен кездескісі келсе, мен кәсіподақтармен сөйлесуге дайынмын», – деді Франция президенті.

Бұған дейін Франция президенті зейнеткерлік жасты 64-ке дейін көтеруді көздейтін реформа – мәжбүрлі қадам екенін айтқан болатын. Демократиялық Еңбек конфедерациясы шиеленісті азайту үшін бұл мәселені алты айға кейінге қалдыруға шақырды, бірақ Макрон реформаны шұғыл түрде жүргізуді талап етті.

Еске салайық, Францияда ұзақ уақыт бойы зейнетақы реформасына қарсы ауқымды наразылық шаралары өтті. Ел бойынша миллионға жуық адам, соның ішінде бір ғана Парижде 300 мың адам көшеге шықты.

Сауалнамаларға сәйкес, Франция тұрғындарының 76%-ы реформаға қарсы болғанымен, ел бойынша мыңдаған наразылықтарға қарамастан, Франция сенаты даулы реформаны қолдады.

Франция премьер-министрі Элизабет Борн зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасының парламентте дауысқа салынбастан қабылданғанын мәлімдеді.

Мұнан соң оппозиция үкіметке сенімсіздік вотумын жариялайтынын хабарлады. Бірақ, дүйсенбіде ел үкіметі парламентте жарияланған сенімсіздік вотумын жеті дауыспен еңсерді.

Реформаға қарсы наразылық акцияларына бүкіл ел бойынша миллионнан астам адам қатысты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар