Абайлаңыз, мұз жұқарып келеді!..

Жыл сайын көп адамдар сақтық шараларын елемей,  жұқа мұздың үстіне шығады, сонысымен өз өмірін қауіп-қатерге тігеді. Мамандардың айтуы бойынша, қазіргі қар еріген көктемгі кезеңде де үстіне су жиналған мұз өте қауіпті.

Сондықтан, мұндайда еріп жатқан өзен-көлдердің үстімен жүрмеу керек. Егер  абайсызда суға түсіп кетсеңіз сасқалақтамаңыз, шұғыл қимылдар жасамаңыз, бірқалыпты демалыңыз. Қолыңызды жазып, денеңізді ағыс бағытына тіке қойып, мұздан ұстауға тырысыңыз. Ақырындап кеудеңізді мұз үстіне шығарып, алдымен бір аяғыңызды, екінші аяғыңызды мұз үстіне шығаруға тырысыңыз.

Мұз үстіне шыққаннан кейін ақырындап жағаға қарай еңбектеңіз. Келген жағыңызға қарай еңбектеңіз, ол жердегі мұз тексерілген, қатты. Осындайда көмек беретін адамға айтарымыз, кез-келген ұзын таяқша, тақтайша, шыбық, жіпті колданыңыз. Шарфтарды, белбеулерді, керек жағдайда киімдерді байлап қолдануға болады. Аяқ пен қолды жан-жаққа созып, кұтқару құралдарын алдынан итере отырып, мұз ойығына қарай еңбектеңіз. Судағы адамға бірнеше метр қашықтықта тоқтап, құтқару құралын лақтырыңыз.

Зардап шегушіні мұз үстіне шығарып, келген жаққа қарай бірге еңбектеңіздер. Зардап шеккен адамды жылы жерге әкеліңіз. Көмек көрсетіп, су киімдерін шешіңіз, спирт немесе арақ жағып, қолыңызбен денесін қызарғанға дейін тез шапшаң қимылмен уқалаңыз, ыстық шай беріңіз. Ешқашан зардап шегушіге алкоголь бермеңіз, мұндай жағдайдың соңында адамның талып қалуы мүмкін. Егер мұздағы төтенше оқиғаның куәгері болсаңыз, дереу 112 телефоны бойынша хабарласып, болған оқиға туралы құтқару қызметіне хабарлаңыз.

Құрманбай ЕСМАҒҰЛОВ,
Ақмола облысы төтенше жағдайлар
департаменті жедел-құтқару жасағы
құтқару бөлімінің жетекшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар