Кәмелетке толмағандардың іс-әрекеті үшін алдымен ата-ана жауапты

Облыс бойынша криминогендік жағдайды талдау кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың азайғанын көрсетеді.

2022 жылы кәмелетке толмаған 31 жас зардап шекті. 2021 жылы бұл көрсеткіш 49-ға тең болған. Бұл негізінен, он алты жасқа толмаған, яғни, 14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдермен жыныстық қатынасқа түсу. 2021 жылы осындай 28, ал, өткен жылы 18 факті тіркелді. Бұл арада өзара келіскен күннің өзінде, іс-әрекеттің заңсыздығы неде? Қолданыстағы қылмыстық заңнамада он алты жасқа толмаған жаспен, тіпті мұндай келісім (жыныстық қол сұғылмаушылық) болған кезде де жыныстық қатынасқа тыйым салынады. Мұның барлық салдары қылмыстық қудалауға әкелетінін түсіну өте маңызды.

Ағымдағы жылдың басынан бері осындай 3 факті тіркелді, 2022 жылы мұндай оқиға 7 рет орын алған. Ерте жыныстық өмір кәмелетке толмаған жасөспірімнің денсаулығына, нақтырақ айтқанда, дене әлі қалыптаспаған жаста және жыныстық өмірдің басталуына психикалық немесе физикалық тұрғыдан дайын емес кезде өз зиянын келтіреді. Көбінесе бұндай жыныстық қатынастар ерте жүктілікке, денсаулыққа, моральдық-этикалық проблемаларға және тағы басқа зардаптарға әкеліп соғады.

Көбінесе мұндай танысу мен қарым-қатынас әлеуметтік желілер арқылы өрбиді. Атап айтқанда, қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар арасында әлеуметтік желілерде өтетін бақылаусыз уақыт саны артып келеді. Сондықтан, ата-аналар баласының бос уақытына бас-көз болуы, баланың интернет кеңістігінде не істейтінін білуі керек. Жасөспірімдерді мұндай қателіктерден сақтандыру ең алдымен, ата-аналарының қолдарында.

Бұл үшін әрбір ата-ана, қоғам болып, балалардың жыныстық тәрбиесіне, сондай-ақ, құқықтық тәрбиеге баса назар аудару керек. Баланың физикалық, психикалық, моральдық және рухани дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге алдымен, ата-аналар жауапты екенін естен шығармаған жөн.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар