Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
 «Жер сағаты» экологиялық проблемаларға назар аудартады - АРҚА АЖАРЫ

 «Жер сағаты» экологиялық проблемаларға назар аудартады

2007 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) ұсынысымен қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ынтымақтастық білдіру үшін алғаш рет кей мемлекеттерде электр қуаты бір сағатқа сөндіріліп барып, содан соң ғана қайта берілді.

Келесі жылы «Жер сағаты» халықаралық акциясы әлемнің 35 елінде өтті, оған 100 миллионнан астам адам қатысты. Қазіргі уақытта бұл планетамыздағы өте кең етек алған экологиялық акция болып отыр. Бұған бүкіл дүниежүзі бойынша 170-тен астам ел және жеті мыңнан астам қала, 2 миллиардтан астам адам қатысады.

«Жер сағаты» халықаралық акциясының өз логотипі бар 2011 жылға дейін бұл «60» саны болды, ол адамдар Жер планетасының жай-күйіне арнаған алпыс минутты білдірді. 2011 жылдан бастап бұл логотип «60+» болып өзгерді. Бұл күні әлемнің әртүрлі елдеріндегі адамдар біздің планетамыздың ресурстары шексіз емес екенін еске алады. Табиғатқа өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі айтарлықтай зиян келтіретінін айтып, дабыл қағады. Орман кесу көлемі кейде олардың табиғи қалпына келу көлемінен бірнеше есеге көп. Жыл сайын мұхиттар мен теңіздерге шамамен 21 миллион баррель мұнай төгіледі.

Әлемде теңіз деңгейі де көтерілуде, ол жүз жылда 25 сантиметрге көтерілді, нәтижесінде 1,1 миллиард адам қауіпсіз ауыз суды пайдалану мүмкіндігінен айрылды, 2,6 миллиард адам негізгі санитарлық қызметтерге қол жеткізе алмай отыр.

2023 жылы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен жоғарыдағы акция Қазақстан Республикасында да өтті. Сөйтіп, Қазақстанның барлық аймақтарында ірі кәсіпорындар электр қуатын бір сағатқа өшірді.

Ақмола облысында аталған акцияға Степногорск қаласының «Қазақалтын ТКМК» АҚ, Зеренді ауданының «Алтынтау Көкшетау» АҚ,  Бурабай ауданының «RG Gold»,   Степногорск қаласының «Өркен-Атансор»,  «SEMIZBAY-U» сияқты ірі кәсіпорындар қолдау көрсетіп, 25 наурыз күні сағат 20.30-дан 21.30 минутқа дейін өз кәсіпорындарында электр қуатын бір сағатқа сөндірді.

Бұл іс-шара табиғи ресурстардың таусылып, тозу проблемаларына назар аударуға шақырады. Қазақстан аталған акцияға 2009 жылдан бері қосылып отыр.

Күләш РАХЫМОВА,
Ақмола облысы бойынша
экология департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар