Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылдағы дайындық биыл да күшінде - АРҚА АЖАРЫ

Жылдағы дайындық биыл да күшінде

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Есіл ауданы әкімінің орынбасары Асқарбек Мақсұмхан ағымдағы жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары жөнінде брифинг өткізді.  

Көпжылдық бақылаулардың нәтижелері бойынша Есіл аумағындағы ықтимал су басу аймағына 5 елді мекен жатады.  Олар Қызылсу өзенінің бойында орналасқан. Тұрғын үйлердің су басуына жол бермеу мақсатында өткен жылы Есіл ауданының әкімі бекіткен «Көктемгі кезеңдегі су тасқынынан су басу қаупі бар Есіл ауданының елді мекендерін инженерлік қорғау жөніндегі» іс-шаралар жоспарына сәйкес, Московское ауылындағы Жаңыспай өзенінде ұзындығы 1 метр 25 су бұру арнасы тереңдетілді. Сондай-ақ, Ленинское ауылында еріген далалық суларға қарсы үйінділерді нығайту жұмыстары жүргізілді.

Өткен жылдың  қыркүйек айында Есіл қаласында су тасқынына қарсы ұзындығы 2,5 шақырым су бұру арналарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

−Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган тарапынан ағымдағы жылы «Төтенше резерв» бағдарламасы бойынша 9 миллион теңге қарастырылды. Ал, «Шұғыл шығындарға арналған резерв» бағдарламасы бойынша 9 миллион 642 мың теңге қаржы бөлінді.   Биыл су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде облыстық төтенше жағдайлар департаментіне бұрын жіберілген өтінімге және жергілікті атқарушы органның  кепілге берген қаражатына сәйкес, Ленинск, Курский және Московское ауылдарының су басуын болдырмау үшін Қызылсу, Есіл және Жаңыспай өзендерінің арнасында мұзды қопсыту және ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді.  Оның жалпы ауданы 1 358 шаршы метрді құрады. Мұз кептелістерін болдырмау мақсатында бұл жұмыстарды «Техносервис» серіктестігі жүргізді. Су тасқынына қарсы штаб комиссиясы наурыздың бірінші онкүндігінде Есіл бассейндік инспекциясы, әкімшілік аумақтардың әкімдері 4 гидротехникалық құрылымның су тасқыны қаупі бар учаскелерді зерттеді.

«Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлуге өтінім жіберілді, −деді Асқарбек Мақсұмхан. Сондай-ақ, апат кезінде көлік жолдары кесілген елді мекендердің әкімдіктеріне алдын ала хаттар жолданды. Жеке кәсіпкерлер су тасқыны кезінде тұрғындарды  барлық қажетті азық-түлік тауарларымен, соның ішінде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етті.

− Ағымдағы жылдың 27 ақпаны мен 24 наурызында  төтенше жағдайлар  жөніндегі комиссияның отырыстары өткізілді. Оның нәтижелері бойынша мүдделі органдарға берілген бірқатар тапсырмалар 100 пайыз орындалды.

Автожолдарда су басуды болдырмау мақсатында жол қызметтері су өткізу құрылыстарын тазалауды аяқтады. Аудан аумағында барлығы 224 су өткізу құрылымдары бар. Бүгінгі таңда тасқын суларды апатсыз өткізуге дайындық жұмыстары жалғасуда және толығымен бақылауда.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
                                                        «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар