Сақтандыру түсімдерінде өсім бар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Азамат Өміртаев медициналық көмектің қор жұмысы жөнінде брифинг өткізді.

−Қызметкер, жұмыс беруші міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  шеңберінде ынтымақтаса жұмыс істейді. Бұл ретте мемлекет азаматтардың жеңілдетілген санаттары, яғни, ел халқының 60 пайызға жуығы үшін жарналар төлеу арқылы міндеттемелердің зор үлесін өзіне алғанын атап өткен жөн. Медициналық сақтандырудың барлық қатысушылары төленген жарнаның мөлшеріне қарамастан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерге тең қол жеткізе алады, − деді Азамат Өміртаев.

Денсаулық сақтау шығындарының өсуі медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруға және халыққа көрсетілетін көмек көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл жалпы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталып отыр.  Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 560 мың теңгеден асса, орта медициналық персоналда бұл көрсеткіш шамамен 270 мың теңгені құрайды. Бүгінгі таңда өңір халқына 63 провайдер медициналық көмек көрсетеді.

–Бүгінгі таңда облыс бойынша сақтандырылған халық саны 641 мың адамды, сақтандырылмағаны 142 мың адамды құрайды. Бұл ретте облыста 419 мың адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ақыны мемлекет төлейтін санатқа жатады. Өңір бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне түсімдер жылдан-жылға артуда. Ағымдағы жылы Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Жарқайың аудандарында халықпен есептік кездесулер өткізу жалғасады,−деді Азамат Өміртаев.

  Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар