Біздің веб-сайт жұмысты жақсарту және жарнамаларды көрсету үшін cookie файлдарын пайдаланады (бар болса). Біздің веб-сайтта Google AdSense, Google Analytics, Youtube сияқты үшінші тараптардың cookie файлдары болуы мүмкін. Веб-сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға келісесіз. Біз Құпиялылық саясатымызды жаңарттық. Біздің Құпиялылық саясатымызды тексеру үшін түймені басыңыз.

Көкшетауда «трамадол» дәрілік препаратын есірткі заттарының тізіміне енгізу мәселесі талқыланды

Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының бастығы подполковник Виталий Гудименконың және аймақтың фармацевтикалық компаниялары мен медициналық мекемелердің өкілдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген семинар-кеңесте Үкіметтің қаулысына сәйкес есірткі заттарының тізіміне енгізілген “трамадол” дәрілік препаратын сату мәселесі сөз болды.

Аталмыш құжатта адам ағзасына күшті әсер ететін препаратты рецептсіз босатуға байланысты шаралар күшейтіліп отыр.

Виталий Гудименконың айтуынша, биыл өңірдің есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының полицейлері трамадолға қатысты 21 деректі тіркеген. Оның барлығында тиісті процессуалдық шешімдер қабылданды.

Еске сала кетсек, ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Loading

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар