Қайтарылған жерлер ауыл тұрғындарына мал жаюға беріледі – АШМ

– Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев биыл қосымша 5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін қайтару жоспары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біздің министрлік пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін кері қайтару жұмысын жалғастырады. Биыл қосымша 5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін қайтару жоспарланып отыр. Қайтарылған жерлер бірінші кезекте ауыл халқының мал жаю мұқтажын өтеуге бөлінеді», – деді Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында баяндама жасай отырып.

Сондай-ақ, министрдің міндетін атқарушы ауыл тұрғындарының табысын арттыру шараларын бақылайтын арнайы жобалық кеңсе құрылғанын айтты.

«Amanat» партиясының жанынан «Ауыл аманаты» арнайы жобалық кеңсесі құрылды. Ол министрлікпен бірлесіп, ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасының сапалы іске асырылуын бақылап, қадағалайды», – дейді Е.Қарашөкеев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде жемшөпті арзан бағада сататын кооператив құрылмақ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар