Электрондық сот ісін жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды

Ақмола облыстық сотында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша электрондық сот ісін жүргізу мәселелерін талқылау жөнінде «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға облыстың жергілікті соттарының төрағалары, прокуратура, экономика тергеу департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция департаментінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар, электрондық форматта қылмыстық істерді тіркеу мен қарау кезіндегі күрделі мәселелер туралы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының (ҚІЖМАС) төрағасы Торқалы Бектұрсыновтың, электрондық материалдар келіп түскен кезде туындайтын мәселелер бойынша Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Ілияс Кәкімнің, «Электрондық форматтағы қылмыстық сот ісін жүргізу» тақырыбында Көкшетау қалалық сотының төрағасы Қазбек Дегенбаевтың, электрондық форматта қылмыстық істерді қарау кезіндегі мәселелер бойынша облыс прокуратурасының мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыда қатысу жөніндегі басқармасының бастығы Марат Сұлтановтың, баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізулерді

қозғау тәжірибесі туралы полиция департаментінің ЖПҚБ бастығының орынбасары Ерболат Хұсайынов,  ӘІБТ ақпараттық жүйесі арқылы сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жолдау кезінде туындайтын мәселелерді қарау жөнінде полиция департаментінің ӘПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Арман Нұрсейітовтың, «ӘІБТ» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық жолдау пилоттық жобасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Дәурен Ламашәріпов, электрондық форматта қылмыстық істерді жүргізудің сапасы туралы ҚСжАЕКБ қылмыстық салада құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы Виктор Красноусов сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.

Алқа төрағасы Р.Даминов атап өткеніндей, «Электрондық қылмыстық іс» жобасы елде сандық технологияларды дамыту бойынша Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде енгізілген. Электрондық сот ісін жүргізу тергеп-тексерудегі әуре-сарсаңға салудан арылуға мүмкіндік беріп, мерзімдерді қысқартады, санкциялау онлайн режимде жүргізілетін болады. Сандық формат шешімдерді қабылдауды жеделдетіп, процеске қатысушылардың құқықтарын қорғауды жақсартып, сыбайлас жемқорлық пен жолсыздықтарды азайтады.

Іс-шара соңында барлық баяндамаларды талқылаудан кейін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша электрондық сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізілді.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар