Тіл тағдыры – жалпыға ортақ міндет

 «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл», –деген екен Ахмет Байтұрсынов.

Біздің Ата заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Әрбір қазақстандық Ата заңымыздың талаптарын орындауы тиіс. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын ең үлкен қатынас құралы.

Ата заң аясында бақ-берекеміздің сақталып отырғаны тіл саясатының дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Тәрбие тілден басталады. Тіл меңгеруде ата-анаға жүктелер жүк ауыр. Бұл орайда білім ұяларының да рөлі ерекше екендігін, әр отбасында тәбиеленіп жатқан бала туған тіліне уызынан жарыса ғана ана тіліміздің  мәртебесі де асқақтай түсетіндігі анық. Әр ата-ана өз баласына қазақ тілін үйретуді қолға алуды басты мақсатым деп білуі керек.

«Ана тілін білмеген, анасын да сыйламас» демекші өз ана тілін білмеген жаннан, анасын сыйлайтын жанның шығуы неғайбыл. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті. Қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге кірбің ұялататыны бар. Бірақ, қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл, сол себепті де бұл жалпыға  ортақ міндет.

Қазақ тілі – Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Ендеше, оны көзіміздің қарашығындай қастерлеп, ұлтымызды, отбасымызды қадірлегендей   қадірлей білейік! Қазақстанның азаматымын деп санайтын әрбір адам мемлекеттік тілді білуі шарт деп есептеймін.

Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады.

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек, әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып білуі тиіс.

Абзал БАЛАБЕКОВ,
Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар