Төл өнеріне бала кезінен баулыған жөн

Қазақ халқының асыл мұрасы – күй өнері. Жас жеткіншектерді ұлттық өнерге баулу мақсатында 2013 жылы «Оқжетпес» мәдениет үйінде күй үйірмесі ашылды.

Үйірме ашылғанда ауылдың ата-аналары риза болып, балаларын үйірмеге берді. Балалар да  қуанып, домбыра үйрене бастады. Бос уақытын босқа өткізбей, мектептен кейін мәдениет үйіне барып, уақыттың қалай өткенін де байқамайтын болды. Ансамбль жетекшісі Риза Сатыбалдинова балалардың бойындағы дарын-қабілеттерін ашып, оларға әртүрлі композицияларды үйретіп, балалардың музыкалық-эстетикалық талғамын дамытып келеді.

Риза Оразбекқызы әр баланың қызушылығына, жас ерекшелігіне қарай жұмыс істей біледі. Ол бала көңілін көзінен ұға білетін ұлағатты ұстаз,  біліктілігі жоғары жақсы маман екендігін көрсетті. Балаларымыздың бойында, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін дамыта отырып, жүректеріне қазақтың ән-әуезін, күмбірлі күйін дарытып келеді. Өзінің төл өнерін қастерлеген бала, болашақта да тегін болмайтыны анық.

Осы орайда, Риза Оразбекқызына ата-аналар атынан еселі еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы уақытта шығармашылық табыс  тілейміз. Себебі, өнерге баулу – өнегелі іс.

Айтжамал ҚАЗТАЕВА,
еңбек ардагері,
Оқжетпес ауылының тұрғыны.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар