Мемлекеттік қызметтердің тәртібі мен тізбесі

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) ережелеріне сәйкес коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Заң)  (тіркеуші органдар) жүзеге асырады.

Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар) сәйкес, Әділет министрлігі республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды, республикалық нотариаттық палатаны, республикалық адвокаттар алқасын, жеке сот орындаушыларының республикалық палатасын, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасын, Қазақстанның Төрелік палатасын, Республикалық Заң консультанттары алқасын мемлекеттік тіркеуді, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерінің есептік тіркеуін жүргізеді.

Әділет департаменттері жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде мемлекеттік мекемелерді, қорларды, ЗТБ және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеуін, сондай-ақ қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерінің есептік тіркеуін жүргізеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 7 түрі көрсетіледі.

Қажетті құжаттардың тәртібі мен тізбесі Заңмен және Ережелермен http://adilet.zan.kz реттеледі.

Коммерциялық емес ұйымдар үшін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күні.

Кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу «электрондық үкімет» веб-порталында өтініш берілген сәттен бастап 1 сағат ішінде жүзеге асырылады. Қалған кәсіпкерлік субъектілері үшін тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Тілеген ӘУБӘКІР,
Ақмола облыстық Әділет департаменті тіркеу
қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз
ету
және бақылау бөлімінің басшысы.                            

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар