Астанадағы «Фолиант» баспасынан белгілі талантты қаламгер Баянғали Әлімжановтың «400 тәтті тақпақ» атты кітабы 2000 дана таралыммен жарық көрді.
Бұл біріншіден балабақша балапандарынан бастап 5-ші сыныпқа дейін оқуға болатын кітап, солай лайықталған. Және бала 5-ші сыныпқа дейін оқып келіп, содан кейін соңынан ерген інісіне, қарындасына беріп кете береді. Сонда бұл балалардың былайша айтқанда өмірлік досы, серігі боларлық кітап.
«400 тәтті тақпақ» кітабының ішінде әліппе де бар, жаңылтпаш та, оқиғалы өлеңдер де бар. Баянғали аталарының осы сыйлық кітабы балаларымыз бен немере-шөберелеріміздің оқуына жазсын!