— Қайғылы қаңтарда кезінде зардап шеккен 614 азаматқа жалпы сомасы 2 млрд 434 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан халқына» қорына сілтеме жасап.
Кездейсоқ қаза тапқан 145 азаматтың отбасына — 1 млрд 15 млн теңге.
Кездейсоқ қайтыс болған азаматтардың отбасындағы кәмелетке толмаған 131 балаға – 262 млн теңге.
Атыс қаруынан жарақат алған және жәбірленуші деп танылған кәмелетке толған 202 азаматқа – 606 млн теңге.
Жарақат алған 13 баланың отбасына – 39 млн теңге.
Қаза тапқан 19 әскери қызметшінің отбасыларына, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне – 133 млн теңге.
Ауыр жарақат алған 111 әскери қызметкерге, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне – 333 млн теңге.
Қайтыс болған әскери қызметкерлердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасындағы 23 кәмелетке толмаған балаға – 46 млн теңге.