Көлік сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған Көкшетау тұрғыны ұсталды

– Полицейлер көлікті сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған Көкшетау тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда күдіктінің алаяқтықтың үш фактісіне қатысы бар екені анықталды, ал жәбірленушілер еліміздің әр өңірінің тұрғындары болып шықты.

Осы жылдың үш айы ішінде Көкшетау полициясына автокөліктерді сату туралы жалған хабарландырулар орналастырған интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтардан бірнеше өтініш түскен.

«Тартымды» бағалы автокөлікті сату туралы ұсынысты жәбірленушілер Колеса.KZ танымал жарнама сайтынан көріп, кейін көлік иесімен байланысқа шыққан.

Алматының 33 жастағы тұрғынының айтуынша, ол Hyundai Tucson автокөлігін сатып алмақ болып хабарландыру авторымен байланысып, сатып алу-сату мәмілесі туралы келіскеннен кейін иесі хабарландыруды сайттан алып тастау үшін алдын ала төлем жасауды өтінген. Келіншек көрсетілген шотқа 50 мың теңге аударған соң көлік иесі байланысқа шығуды тоқтатқан.

Осыған ұқсас өтініштер Алматы облысы мен Қарағанды қаласының тұрғындарынан түсті. Барлық деректер бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін өткізді, нәтижесінде жалған хабарландырулардың авторы – Көкшетаудың 27 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ұстау кезінде жедел қызметкерлер заттай дәлел ретінде ұялы телефондар мен 60 SIM картаны тауып алып, тәркіледі. Полицейлер ұялы телефондарды тексерген кезде құны 17,2 млн теңге болатын автокөлікті сату туралы жалған хабарландыру орналастырылған аккаунт тауып алды. Қазіргі уақытта жәбірленушіге қатысты қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен басқа жәбірленушілер белгіленіп жатыр.

Фото: polisia.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар