Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда жөндеуден өткен жолдардың сапасы төмен - Антикор - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда жөндеуден өткен жолдардың сапасы төмен — Антикор

– Көкшетауда қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша автожолдарды жөндеу сапасының төмендігі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сілтеме жасап.

Кеңеске Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері, «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов, депутаттар, жұртшылық өкілдері, мемлекеттік органдар мен ұйым басшылары қатысты.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті превенция басқармасының басшысы Жанат Тұралинов автожолдар саласы облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілгенін, сондай-ақ, Көкшетау қаласының автожолдарын жөндеуге жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша анықталған бірқатар кемшілікті мәлім етті.

«Қоғамдық мониторинг анықтағандай, жекелеген мердігерлік ұйымдар жол жұмыстары бойынша өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамайды. Бұл ретте мемлекеттік органдар атынан тапсырыс берушілер жұмыстың сапалы орындалуын тиісті бақылауға алмайды. Мысалы, өткен жылы кәсіпорындардың бірі 397 млн теңгеге қаланың көше-жол желісіне орташа жөндеу жүргізген, алайда кейбір учаскелер бойынша жол жамылғысының шөгуі және жарықтары бары анықталды. Краснояр ауылында да жол жөндеу жұмысының сапасыз жасалғаны белгілі болды. Онда жалпы сомасы 440 млн теңгеге екі компания жұмыс жүргізген», — деді Жанат Тұралинов

Сонымен бірге, ол тапсырыс берушілер мен мердігерлерге кепілдік міндеттемелері шеңберіндегі ақауларды қысқа мерзімде жою, сол арқылы қандай да бір құқық бұзушылықтарды болдырмау және халық тарапынан сынға түсуге жол бермеу қажеттігін атап өтті.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда бірнеше көшені су басқанын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар